Хромтау қаласының балабақшасына арналған ойыншықтар
Еуразиялық Топ пен Ақтөбе облысының әкімдігі арасындағы Меморандум аясында салынған мектепке дейінгі мекемеге арналған ойыншықтарға 3,8 млн. теңге қаражат бөлінді.
Балабақшаға бүлдіршіндерді дамытуға бағытталған дидактикалық және ұсақ моториканы жетілдіруге арналған сенсорлық ойындар, шығармашылық іс-әрекетке арналған ойыншықтар мен спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды. Айта кетерлігі, «Қазхромның» сатып алу кезіндегі басты талабы – «қауіпсіздік» болды. Ойыншықтардың барлығы ресейлік танымал фабрикаларда жасалған. Сертификатталған.
Балабақшаның арнайы жабдықталған спорт залы бар. Сондықтан алынған бұл спорттық жабдықтар балалардың белсенділігіне қажетті нағыз көмекші құрал болады. Пазлдар мен мозайкалар баланың зейіні мен қиялын дамытуға сеп. Ал қуыршақтардың түрлері мен жұмсақ жануарлар ойыншығы оларды қуанта түсетіні сөзсіз.
– Балабақшаны жабдықтау кезінде әрине, біз оны тек жиһаздармен немесе интерактивті панельдермен ғана емес, балалық шақтарында болу керек нәрселермен жабдықтауды жоспарладық, - деді Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Азамат Бектібаев. – Бүлдіршіндерде ойыншық міндетті түрде болу керек. Ойыншықтарды таңдағанда біз олардың әдемілігіне ғана емес, сонымен қатар пайдалы тұстарына да мән беріп таңдауға тырыстық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Сол себепті балақайларға шаттық сыйлау өзімізді де қуанышқа кеңелтеді.
– Ойыншықтар сапалы әрі қауіпсіз, - деп атап өтті балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы Айнагүл Тайпетова. – Олар баланың қабілеттерін, олардың қиялы және шығармашылықтарын дамытуға көмектеседі. Компанияның балаларға арнаған сыйлықтары барлық жас топтары үшін осы қажеттіліктердің барлығын қамтамасыз ете алады.
320 орындық «Жұлдыз-Ай» мектепке дейінгі мекемесі Eurasian Resources Group (ERG) мен Ақтөбе облысының әкімдігі қол қойған әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандум аясында осыдан бірнеше жыл бұрын Хромтауда «Қазхром» компаниясының қаражатына ашылған. Балабақшаға 1,5 жастан 5 жасқа дейінгі балалар барады. Олардың кейбірі Дөң тау-кен байыту комбинаты қызметкерлерінің балалары. Бұл балабақша заманауи интерактивті қондырғылармен жабдықталған қаладағы алғашқы мектепке дейінгі мекемеге айналды.