Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

«Қазхром» еңбекті қорғау және қауіпсіздік көрсеткіштерін қатаң қадағалап, еңбеккерлерге арналған арнайы оқыту курстарын жүргізеді. Компания өндіріс көрсеткіштеріне ғана емес, қауіпсіз еңбек ұйымдастыруды да басты міндеті деп санайды. Еңбеккерлердің барлығы өз саласына байланысты қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша 40 сағаттық оқудан өтуге тиісті. «Қазхромның» өндіріс алаңдарына барар алдында қауіпсіздік сұрақтары бойынша қажетті нұсқамадан өтуі тиіс. Компания еңбек қаіпсіздігіне баса назар аударады, оның барлығы осы саладағы тұрақты көрсеткіштердің жақсартуы үшін жүргізіледі.

2011 жылы «Қазхром» жазатайым оқиғаларды азайту мақсатында еліміздегі сигналды парақшаларды енгізген компаниялардың бірінші қатарында болды.

«Қазхромның» барлық кәсіпорындарында сигналды парақшалар жүйесі 2012 жылы енгізілген болатын. Бұл қызметкерлермен кері байланыс үшін, сонымен қатар олардың кез-келген уақытта еңбек қауіпсіздігі бойынша бұзушылық пен жұмыс орнындағы қауіп-қатерді жеткізуіне арналған ең жеңіл тәсілдерінің бірі. Жұмысшылар еңбекті жақсарту бойынша да ұсыныстарын білдіріп жатады. Сигналды парақшаларға арналған арнайы жәшік бар, ол барлық цехтарда орналасқан. Барлық келіп түскен хаттар басшылықпен талданып, қажетті шешімдер қабылданады. Осындай амал еңбеккерлердің пікірін іс-тәжірибе жүйесінде жүзеге асыруына ыңғайлы.

Жергілікті қоғам арасында біз үлкен рөл атқарамыз. Біз Қазақстандағы әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, яғни, аурухана мен медициналық орталықтардың салынуына, спорт орталықтарының, бассейн, мәдени орталықтардың салынуына қол ұшын береміз. Бұл нысандар біздің еңбеккерлерге, олардың отбасына, жергілікті тұрғындарға қолданысқа беріледі. Сонымен қатар, зейнеткерлерге, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналаған жеңілдіктер ұсынамыз.

«Қазхром» жыл сайын заңнамадан бөлек, медициналық қызмет үшін әр еңбеккерге қаржы аударады. Медициналық көмек «Еуразия» медициналық орталықтарының филиалдарында жүзеге асырылады. Ол диагностикалық және терапевтік жаңа жабдықтармен жабдықталған.