Ақсу ферроқорытпа зауыты

Әлемдегі ең ірі ферроқорытпа өндіруші және жеткізуші. Мұнда жыл сайын 1 млн тоннадан астам өнім шығарылады, оның көп бөлігі алыс шет елдерге экспортталады. Кәсіпорынның бірегейлігі оның түрлі маркалы болат шығаруға қажетті хромды, кремнийлі және марганецті қорытпалардың ірі көлемдегі өндірісін біріктіргендігінде.

Кәсіпорынның құрамында жиырма алты пешті төрт цех бар. Зауыттың құрамына сондай-ақ қождарды қайта өңдеу кешені кіреді.

  • Кәсіпорынның негізгі өнімі – жоғары көміртекті феррохром, ферросиликохром, ферросиликомарганец, ферросилиций.
  • Қазіргі таңда зауыт халықаралық жүйелермен сертификатталған: ISO 9001-2015 сапа менджменті, ISO 14001-2015 қоршаған ортаны басқару, ISO 5001-2015 энергетикалық менеджмент, OHSAS 18001-2007 еңбекті қорғау менеджменті.
  • Зауытта ірі инвестициялық жоба іске асырылуда — «№ 6 цехты қайта жаңарту», жаңа технологиялар бойынша № 64 бірегей пеш салынды. Ол 30% -ға өнімдірек және энергия үнемдеу жағынан ұқсастылардан 25% -ға жоғары. Бірақ ең бастысы, пештің жаңа құрылымы біздің персоналды қауіпсіздендіреді, еңбек жағдайларын жақсартады және қоршаған ортаға ауыртпалықты азайтады. 64-ші пештің сәтті қайта жаңаруы болашаққа бастама болып табылады. Мұнда қолданылған технологиялар басқа үш цехтың пештеріне біртіндеп ауыстырылады.
  • Кәсіпорында Тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері үшін үш үй тұрғызылды. Биылғы жылы компания тағы бір үйді тапсырды, 12 отбасыға пәтер кілті табысталды. Одан бөлек тағы үш үй салынып жатыр, оларды биылғы жылы тапсыру және қоныстандыру жоспарланып отыр.
Зауыттың өндірістік қуаты - жылына 1 милиион тоннадан астам ферроқорытпа
6 мыңнан астам жұмыскер зауыттың ферроқорытпа өндірісін қамтамасыз етеді
  • Өнім сапасының деңгейін көтеру үшін, еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін зауытта ресурстар үнемдейтін және аз қалдықты технологиялар негізінде саланың озық жетістіктерін қолдана отырып тұрақты жаңғырту жүзеге асырылады. Тек соңғы жылдары жүздеген өндірістік, экологиялық және әлеуметтік жобалар, оның ішінде Қазақстанды үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың республикалық бағдарламасына енгізілген, оның ішінде бірегей агломерация өндірісінің құрылысы, қождарды қайта өңдеу қуатты кешені және басқа да бірқатар жобалар жүзеге асырылды.
  • Зауытта Жастар кеңесі, Жас мамандар кеңесі жұмыс жасайды. Бұл бірлестік жас зауытшылардың өмірін жарқын етіп қана қоймай, сонымен бірге, білім беру қызметін, тәлімгерлік институтын, кадрлар резервімен жұмыс жасауды атқарады.
  • Зауыттың қала сыртында қызметкерлерге және олардың отбасыларына арналған базалары бар: «Факел» демалыс үйі мен Беловка кентіндегі «Мечта» балалар лагері.
  • Ақсу ферроқорытпа зауыты спорттық кәсіпорын деп аталады. Мұнда спорттың 12 түрі дамыған. Зауытшылар зауытішілік және корпоративтік жарыстардан бөлек, өңірлік, әлем чемпионттарында да топ жарып жүр. Салауатты өмір салтын ұстанушыларға зауыттың дене шынықтыру-сауықтыру кешені, «Металлург» спорт кешені, қалалық спорт сарайы, спорт залы бар жүзу бассейні, хоккей корты есігін ашқан.
  • 2019 жылдың шілде айында, Ақсу ферроқорытпа зауытының металлургтері жаңадан салынған инновациялық № 64 пешті іске қосты. № 6 балқыту цехын ауқымды жаңартудың бірінші кезеңін түйіндеген агрегат біртіндеп жұмыс қарқынын үдетіп келеді. Әрі 2024 жылға қарай ол феррохром өндірісінің көлемін 2018 жылмен салыстырғанда 87% арттырмақ.