«Казмарганец» кен басқармасы

«Қазмарганец» кен басқармасы 2004 жылы құрылды. Кәсіпорын бүгінгі күні өңірдегі ең ірі жер қойнауын пайдаланушы болып табылады және Қазақстандағы барланған тотыққан марганец кендерінің қорлары бойынша бірінші орында.

Негізгі функционалдық мақсаты — әртүрлі маркалы болат өндірісінде легірленген қоспалар үшін металлургия саласында қолданылатын дайын марганец концентратын (кондициялық) алу.

  • Кәсіпорынның құрамында екі бөлімше бар — сапалы тауар өнімін алу үшін марганец кендері қайта өңделетін, байыту кешендері бар Көлік колоннасы мен «Тур» кеніші. Өндірістік бөлімшелердегі жұмыс вахталық әдіспен жүргізіледі.
  • «Тур» кен орны 1997 жылдан бері игеріліп келеді. Қазіргі таңда кеніш жылына 480 мың тонна марганец кенін өндіреді.
  • Кәсіпорын «Қазхром» «ТҰК» АҚ-ның сапа, экология, еңбекті қорғау және энергия тиімділігі саласындағы қабылдаған саясатына сәйкес қызмет етеді.
Кеніштің өндірістік қуаты — жылына 480 мың тонна
600-ден астам адам кен өндіру мен қайта өңдеуді қамтамасыз етеді
  • «Қазмарганец» кен басқармасының бүгінде заманауи тау-кен өндіру және қайта өңдеу техникасымен жабдықталған тұрақты өндірістік базасы, дайын өнім өндіру технологиясы бар және де өндірістік көрсеткіштер мен басқа да қойылған міндеттерді тұрақты орындап келеді.
  • «Қазмарганец» кен басқармасы өз қызметкерлеріне толық әлеуметтік пакет ұсынады — медициналық көмек көрсету және кәсіби аурулардың алдын алу. Кен басқарма қызметкерлерінің балалары үшін жазғы демалыстың ұйымдастырылуына көп көңіл бөлінеді. Бөлімшеде корпоративтік іс-шараларға аса мән беріледі. «Қазмарганец» кен басқармасының қызметкерлері кәсіби шеберлік байқауларына, жастар ғылыми-техникалық конференцияларына, спартакиадаларға, КТК, туристік кездесулерге, шығармашылық байқауларға қатысады.