Ақтөбе ферроқорытпа зауыты

Кәсіпорын жоғары, орта және төмен көміртекті феррохром, ферросилиций, сондай-ақ металл концентратын өндіреді. Қазақстандағы қара металлургия өнеркәсібінің тұңғыш зауыты болып табылады. Зауыттың іске қосылуы алғашқы ферроқорытпаларды пеште балқытумен атап өтілді және ол сол 1943 жылы да, бүгін де «Комсомолка» деп аталып келеді.

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты бүгінде – өндіріс көлемі жылына 740 мың тонна ферроқорытпа құрайтын тұрақты дамып келе жатқан заманауи кәсіпорын.

  • Зауыттың құрамында 2 балқыту цехы, қождарды қайта өңдеу цехы және қосалқы цехтар бар.
  • 2009 жылдың қыркүйек айында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жаңа зауыт бөлімшесі құрылысының іргетасына символдық капсуланы орнатты. 2014 жылғы 23 маусымда Елбасы іске қосу-баптау жұмыстарын іске қосты.
  • № 4 жаңа бірегей балқыту пеші кәсіпорынның мақтанышы болып табылады. Мұнда Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ әлемдік ферроқорытпа саласы үшін де бірегей болып табылатын тұрақты тоқ пештерінде балқытудың инновациялық технологиясы қолданылады. Бұл цех ұсақ хром шикізатын кесектеусіз пайдалануға мүмкіндік беретін жоғары көміртекті феррохром өндіру бойынша әлемдегі ең қуатты тұрақты тоқты пештермен (72 МВт) жарақтандырылған. Барлық өндірістік үдеріс барынша автоматтандырылған. Өндірістік шешімдер қоршаған ортаға аз шамада әсер тигізуді қамтамасыз етеді және ферроқорытпа газы мен шаңын кәдеге жаратуға және қатты шығарындылар көлемін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Пештерде ұсақ кен мен көміртекті қалпына келтіретін отандық шикізаттар қолданылады.
  • Ақтөбе ферроқорытпа зауытында техникалық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауға ерекше назар аударылады. Қызметкерлерді емдеу-профилактикалық тағамдармен және сүтпен қамтамасыз етуге, жеке қорғану құралдарын сатып алуға, әлеуметтік және емдеу-профилактикалық іс-шаралар мен медициналық тексерулер өткізуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп тұрады.
Жылына 700 мың тоннадан астам ферроқорытпа — зауыттың өндірістік қуаты
Қазақстандағы алғашқы қара металлургия кәсіпорны

Ақтөбелік металлургтер компанияның корпоративтік өміріне, қалалық және өңірлік іс-шараларға белсенді ат салысып тұрады. Балалар үйіне қамқорлық жасайды, Ақтөбе су қоймаларының балық балансын толтырады, қалалық сенбіліктерге шығып, ағаш отырғызу науқандарына қатысады, облыстық және республикалық жүгіру марафондарында біріншілер легінде мәреге жетіп, әртүрлі деңгейдегі зияткерлік және спорт жарыстарында жеңіс тұғырынан көрініп жатады.