Дөң тау-кен байыту комбинаты

Хром кенін өндіру бойынша әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Дөң КБК-мен игерілетін хром кені шоғырларының ұзындығы шамамен 22 шақырым және ені 7 шақырым.

Дөң КБК 1938 жылы Оңтүстік-Кемпірсай хром кен орны базасында хром кенін өндіру және байыту кәсіпорны ретінде Ақтөбе облысы Хромтау қаласында құрылды. Бұл дәлелденген қорлар бойынша әлемдегі екінші кенорын болып табылады. Дөң комбинатында өндірілетін және қайта өңделетін хром кенінің әлемде сапасы жағынан теңдесі жоқ.

  • Дөң КБК-да өндірілетін кеннің басым бөлігі Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттарына жеткізіледі.
  • Құрамында жоғары оксидті хромы бар кендер (Cr2O3 62%-ға дейін) металлургияда ферроқорытпаларды балқыту үшін, оттөзімділер жасау үшін және химия өнеркәсібінде хром қосылыстарының өндірісі үшін қолданылады.
  • Дөң КБК-ның құрамында 27 құрылымдық бөлімше бар, қызметкерлер саны — 7500-ден аса адам. Оның бесеуі — тауар өндіруші цехтар: «Молодежная» шахтасы мен «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахтасы, «Дөң» кеніші, Кен байыту және кесектеу фабрикасы мен № 1 ұсату-байыту фабрикасы.
  • Көлік, жөндеу, автоматтандыру және байланыс, энергетика, электр және басқа да цехтар кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.
Дәлелденген қорлар бойынша әлемдегі 2-ші кенорын
7500-ден аса қызметкер кәсіпорынның жұмысын қамтамасыз етеді
  • Кәсіпорында қауіпсіздік бағытына барынша көп көңіл бөлінеді. Нөлдік жарақатқа қол жеткізуге ықпалды әлемдік әдістер негізіндегі ауқымды іс-шаралар бағдарламасы септігін тигізеді. Кәсіпорынның әлеуметтік пакетіне қызметкерлердің денсаулықтарына қамқорлық көрсету кіреді.
  • Табиғатты қорғау іс-шараларына жыл сайын қомақты қаражат бөлінеді. Су мен ауаның жай-күйіне бақылауды қоршаған ортаны қорғау зертханасының мамандары жүргізеді. Табиғатты қорғау іс-шаралары жоспарының негізгі тармақтары — бұзылған жерлерді қалпына келтіру, шахталық және карьерлік суды қайта пайдалану, өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу, өнеркәсіп алаңдарын және Дөң КБК цехтарының санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру.
  • Дөң КБК-ның қызметкерлері үшін Тұрғын үй бағдарламасы бойынша сегіз үй тұрғызылды және тоғызыншы үй пайдалануға берілді.
  • Комбинаттың әрбір жұмыскерінің мүддесі осы саланың үздігі атанған компанияның ұжымдық шартымен қорғалды. Қызметкерлердің спорттық және мәдени дамуы үшін Дөң КБК-ның дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Кеншілер мәдениет үйі жұмыс жасайды. «Мұғалжар» балалар жазғы сауықтыру орталығы балалардың демалысын өткізу үшін құрылды. Әр жаз сайын мұнда Дөң КБК мен Ақтөбе ферроқорытпа зауыты қызметкерлерінің мыңнан астам балалары демалады.
  • Зейнеткерлерге барынша қолдау көрсетіледі. Комбинатта Ардагерлер кеңесі жұмысын жүргізіп келеді.
  • Дуальды білім беру жүйесі кәсіпорынға кадрлар дайындауға және Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенттеріне өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.