Жауапты өндіруші

2021-2022 жылы хром өндірісінің жауапты және тұрақты даму талаптарына сай болу қамындағы жұмысымызды Халықаралық хром өндірушілер қауымдастығы (ICDA) мойындап, «Қазхромға жауапты хром өндіруші» мәртебесін берді. Бұл «Қазхромның» хром жеткізушілеріне қойылатын стандарт талаптарына сай екенін, тіпті бұл талаптан асып түсетінін дәлелдеді.

Бұл мәртебе корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті бағалауға маманданған Ecovadis тәуелсіз агенттігі жүргізген бағалаудың қорытындылары бойынша алынды. Ол Қазхромға Ecovadis платина медалін берді. Қазхром 75 балл жинады және EcoVadis-тен ең жоғары баға алған қара металлургия кәсіпорындарының 1% - на кірді. Өткен жылы алынған күміс рейтингтен кейін платина медалін алу - бұл үздік және біздің үмітімізден асып түсетін жетістік.
Бұл жетістік ERG-дің өндірістік қауіпсіздік пен озық тәжірибелерді қолдану, қызметкерлер мен жергілікті қоғамдастықтарға әдептілік қарым-қатынас орнату, балалар еңбегі мен заманауи құлдықты жою, қоршаған ортаға әсерді азайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сияқты құндылықтарға бейілділігін көрсетеді.

«Қазхромда» шламды өңдеу кешенін салу жобасы – Топтың жауапты хром өндіруге деген ұмтылысының тағы бір дәлелі. Жаңа кешен технология мен автоматтандыру жағынан әлемдегі ең заманауи кешендердің бірі және тұнба қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін азайтады. Сондай-ақ, «Қазхромның» негізгі жобаларына ферроқорытпа газын кәдеге жарататын электр станциясының құрылысы, өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу бастамалары жатады. Атап айтқанда газ тазарту жүйесінің шаңын брикеттеу, ERG Recycling алаңында шлак пен шламды 20-дан астам тауарлық өнімге айналдырып өңдеу. Бұл жобалар «Қазхромның» айналмалы экономика қағидаттарына сәйкес қызметін көрсетеді.