Жергілікті қауымдастық

Жергілікті қауымдастық

«Қазхром» КӘЖ бағдарламасы аясында жергілікті қоғамдастықтарды тұрақты дамытуға белсенді инвестициалайды. 2017 жылы Компания әлеуметтік инвестициалар көлемін $57 млн-нан асырды. Ол дегеніміз өткен жылмен салыстырғанда 80 пайызға жоғары.

Оның бастысы — жол жөндеу, құрылыс, қайта құру және тұрғын үйлерді, мектептерді, балабақшаларды қалпына келтіру, сонымен қатар, жергілікті оқу орындарына (мәселен, Ақсу қаласының қара металлургия колледжі, Хромтау тау-кен техникалық коледжі) және аймақтағы балалар үйіне спонсорлық көмек көрсету, сонымен бірге халықаралық және республикалық спорттық шараларды ұйымдастыру, спорттық орталықтарды құру (мысалы, Ақсу қаласындағы жабық хоккей алаңы).

Ақсу ферроқорытпа зауыты 10 жылға жуық Ақсу қара металлургиясы колледжін қолдап келеді. Ол колледж балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің білім алуына мүмкіндік береді. Колледжде оқытудың дуальды жүйесі жүргізіледі, ол дегеніміз студент уақытының 70-80 пайызын өндіріс алаңында өткізе алады.

Зауыт газбен дәнекерлеу цехын және жартылай автоматты дәнекерлеу цехына, 3D Tekri Motion интерактивті модульді білдегін, Tekri дәнекерлеу жаттықтырғышын, электрлік монтажды стендтерді иелену үшін $1,5 млн бөлген болатын. Бұдан бөлек, Ақсу ферроқорытпа зауытының қолдауымен 25 студентке шәкіртақы төленеді. Жыл сайын колледждің екінші және үшінші курс студенттері зауытта төлемді тағылымдамадан өтеді.

Өндірістің 2000-нан аса еңбеккері Ақсу колледжінің түлектері болып табылады. Колледжде оқитын барлық жетім балаларға жәрдемақы төленеді, бұдан бөлек зауыт олардың тұрмысы мен кәсіби сайыстарға қатысатын барлық шығындарды өзі көтереді.

Сонымен қатар, «Қазхром» Ақтөбе және Павлодар облыстарында өткізілетін барлық іс-шараларға спонсорлық көмек көрсетеді. Компания республиканың басты бағдарламасының бірі — «Сандық Қазақстан» бағадарламасына көп көңіл бөледі. Бұл бағдарламаға қатысудың өзі компания жүйесінің цифраландыру және автоматтандыруына, сонымен бірге жаңа технологияарға жол ашып, тиісті кадрларға ие болуына ықпал етеді.