Халық бақылаушылары жарақаттанудың алдын алып келеді

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

Халық бақылаушылары жарақаттанудың алдын алып келеді

Жыл басынан бері Ақтөбе ферроқорытпа зауытында техникалық қауіпсіздік талаптарын бұзу бойынша 2 мыңға жуық дерек анықталды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар техникалық қауіпсіздік талаптарының орындалуын қадағалауда. Олар ұсақ бұзушылықтарды анықтап, жарақаттанудың алдын алып отыр. Оның үстіне, олар тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.

«Халықтық бақылау» жобасы 2019 жылдан бері сәтті жұмыс істеп келеді. Кәсіптік дертке шалдығу нәтижесінде немесе жалпы медициналық себептер бойынша мүгедектік алған кәсіпорынның 15 бұрынғы қызметкері бейнебақылау операторлары болып қызмет атқаруда. Олар Ақтөбе ферроқорытпа зауытының еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің штатына қабылданды.

Операторлар үйден онлайн режимінде ауысыммен күніге 4 сағат жұмыс істейді. Әрбір бақылаушы ноутбукпен, модеммен, интернетпен және телефонмен жабдықталған. Кәсіпорын интернет пен телефон байланысын өз есебінен төлейді. Кәсіпорынның IT-қызметі қашықтан жұмыс істейітін пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсетеді.

- Бұған дейін мен зауытта қождарды қайта өңдеу цехында кран машинисі болып жұмыс істедім, - дейді Гүлнар Абитова. - Бірақ кенеттен бойымнан дерт табылды да мүгедектік алдым. Денсаулығыма байланысты жұмыстан кетуге мәжбүр болдым. Оператордың жұмысын ұсынған кезде мен қатты қуандым. Мен осындай жобаның бар екеніне өте қуаныштымын, соның арқасында мен әлі де зауыт ұжымының мүшесімін.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың мамыр айында ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе өңіріне іс-сапары барысында оған «Халықтық бақылау» жобасын таныстырды. Сол кезде Мемлекет басшысы металлургтердің бастамасына жоғары баға беріп, ел Үкіметіне ERG тәжірибесін республиканың басқа кәсіпорындарына қолдану және ел жолдарындағы қауіпсіздікті күшейту мәселесін пысықтауды тапсырды. Бүгінде жоба Ақтөбе мен Ақсу қалаларындағы екі ферроқорытпа зауытында жұмыс істейді.