Ақсу ферроқорытпа зауытында арнайы техниканың жаңа түрі игерілуде

Жаңалықтар Операциондық нәтижелер

Ақсу ферроқорытпа зауытында арнайы техниканың жаңа түрі игерілуде

Германиядан шыққан екі «KAMAG» автоқожтасушы Ақсу ферроқорытпа зауыты мамандарының пайдалануына түсті. Алып машиналар кәсіпорынның № 6 балқыту цехын ауқымды қайта жаңарту аясында жаңғыртылған 26 пешінің бірі № 64-ке қызмет көрсетеді. Арнайы көлік феррохром өндіру процесінде пайда болатын қожды шығарады. Зауыттың басқа пештерінде бұл жұмысты машинистер электркөпірлі крандардың көмегімен атқарады. Автоқожтасушыларды пайдалану цехтың жүк көтеру паркінен түсетін жүктемені төмендетіп, зауыт теміржолшыларының жұмысын жеңілдетеді.

Жаңа арнайы техниканың көлемі әсерлі. Ұзындығы он екі метр болса, машинаның биіктігі төрт метр. Алдыңғы бөлігінің ені де осындай және артқы дөңгелекті базаның ені 7 метр. Бірақ бұл өлшемдерге қарамастан, машинаны басқару өте ыңғайлы. Оның кабинасы екі пультпен және бұрылыс орындығымен жабдықталған. Қож тостағанды қармап ұстау механизмінің операторы болу үшін жүргізушіге 180 градусқа бұрылса да жеткілікті.

Бұл машиналарды іске қоспас бұрын кәсіпорында жеке көлік магистралі салынды және түсіру үшін арнайы полигон жабдықталған.