Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

Ақсу спорт фестивалі

Ақсуда Еуразиялық топтың құрамындағы (ERG) «Қазхром» ТҰК" АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының 18 жыл қатарынан өткізіп келе жатқан халықаралық балалар спорт байқауы аяқталды. Жыл сайынғы спорттық форум биыл 750-ден астам қатысушыларды жинап, рекорд орнатты. Географиялық орналасуы кең — Нұр-Сұлтан, Алматы, тіпті Қазақстанның барлық өңірлерімен қоса, Ресей мемлекетінің бес қаласы және Қырғызстан астанасынан қатысушылар келді.

Бастапқыда «Қазхром» қызметкерлерінің балаларын қолдау және дамыту үшін өткізілген жарыстар өздерінің жұмыстану жылдарында феноменальды түрде кеңінен танымал болды.

Ақсу ферроқорытпа зауыты спорт комитетінің шақыртулары еліміздің әртүрлі өңірлерінен және көршілес елдерден жас спортшылар командасын қарсы алады. Мұнда көптеген командалард бірінші рет емес, алайда арасында жаңадан келіп жатқандары да бар. Бұл жолы Павлодар облысының Ертіс, Майкаин, Железинкалар ауылдық аудандары белсенді түрде қатысты.

— Біз жас спортшыларды өзіміздің алаңымызда қайта көруге қуаныштымыз, — дейді шараның ашылу салтанатында компанияның директоры Сергей Прокопьев. — Бұл спорт шын мәнінде жас ұрпақтың басын біріктіретін бірден-бір жағдай. Мұндай спорттық форумдар тек қана спорттық дағдыларды дамытып қана қоймай, сонымен қатар еліміздің әр аймағы мен көршілес елдер арасындағы достықты нығайтады. Бәсеке алаңында олар жеңіске ұмтылып қана қоймай, өзге елдің мәдениетімен, әдет-ғұрпымен танысып, білім көкжиектерін кеңейтеді.

Фестиваль қатысушылары алты түрлі спорт түрінен бақ сынасып, мықтылар қатарынан көрінгендер де болды. Қатысушылардың санын арттыру үшін зауыт өздерінің барлық спортық нысандарын іске қосқан. Үш күн қатарынан олардың көңілдерін қызықты атмосфера жаулады, ал балалардың сыңғырлаған әдемі дауыстары азайған емес. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл фестиваль футболшылар үшін (22 команда) және үстел теннисі жанкүйерлеріне (100-ден астам спортшы) ерекше естелік болып қалады. Соңғы жылдары бірнеше рет қатысушылардың саны рекордтық көрсеткіштерді үзбей келеді. Әдеттегідей, волейбол және баскетбол жарыстары әдемі әрі керемет өтті. Ауыр атлетика мен қол күресінен шеберлік көрсете білген спортшылар да анықталды.

Фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ үздік ойыншыларға лайықты кубоктар, медальдар, дипломдар мен жүлделер табыс етілді. Дәстүр бойынша, ұйымдастырушылар мен жас спортшылардың тәлімгер — жаттықтурышларына арнайы естелік сыйлықтарын тарту етті.

Кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігі жоғары екендігі белгілі. Оған дәлел, ақкөңіл Ақсу металлургтерінің балалар спортын қолдау мен дамытуға қосқан үлестері аз емес. Ақсу ферроқорытпа зауытының базасында құрылған «Металлург» спорт клубы бүгінгі күні келушілердің белсенді өмір сүруге құлшыныстарын арттырып, аймақтағы спорттық жұмыстарды жүйелеуге және оны одан әрі шоғырландыруға, танымал етуге мүмкіндік берді.

Қазір клуб базасында ересектермен бірге Ақсу қаласының 400-ге жуық балалары спорттық таланттарын дамытуда. Сонымен бірге, «Қазхром» ТҰК" АҚ спорттық кешендер қаржыландырып қана қоймай, жаттықтырушылардың қызметтерімен, балалардың түрлі жарыстарға баруын да қаржыландырады.

Қаланың барлық жерінде салынған спорт алаңдары Ақсу қаласының тұрғындарына белсенді өмір салтын ұстануға қолдау көрсетеді. Олардың кейбірі Еуразиялық топ пен Павлодар облысының әкімдігі арасындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау туралы жасалған меморандум аясында жүзеге асырылды. Сонымен қоса, осы бағдарламаға сәйкес қала тұрғындарына Иманжүсіп Құтпанов атындағы спорт сарайы, оған қарасты футбол алаңы, теннис және бадминтон корты, «Жалын» жабық хоккей корты құрылған болатын.