Ақсу ферроқорытпа зауытында жаңа ұсату кешені құрастырылып жатыр

Жаңалықтар Операциондық нәтижелер

Ақсу ферроқорытпа зауытында жаңа ұсату кешені құрастырылып жатыр

Австриялық қондырғы №6 балқыту пешінің  дайын өнім қоймасындағы ұсатып, сұрыптау тораптарының бірін алмастырмақ. Оның көмегімен металлургтер дайын өнімдегі үгітпелердің мөлшерін төмендетуді жоспарлар отыр. Сынақ пен тәжірибе барысында жаңа жабдық жақсы нәтижелер көрсетті. Ақсу металлургтері жақын арада қондырғыны тексеріп көреді.

Өндірістік масштабта кішкене заттардың мөлшерін азайту керек, өйткені жұқа фракция соншалықты көп сұранысқа ие емес. Сондықтан кішкене заттардың санын азайту компания технологтарының басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Жеткізушінің айтуынша № 6 цехтың қоймасындағы жаңа гидравликалық ST-01 ұсатқышы сенімді әрі оған қызмет көрсету де айтарлықтай жеңіл. Олай дейтіні бұрын қолданыста болған ресейлік жабдықтан гөрі мұның жөндеуаралық қызмет ету мерзімі ұзақ. Ол сағатына ферроқорытпаның 400 тоннасын өңдей алады. Қарапайым сөзбен айтсақ, жаңа жабдық өнімді сүргілемей, балғалай ұсататын болғандықтан үгілген өнім көлемі азаяды деп күтілуде.

- Ұсатқыш тақталардың қозғалысы синусоидалы траектория бойымен жүреді, - дейді өндірістік-техникалық бөлім жетекшісі Михаил Касенюк.  - Бұл жағдайда жүктеме дұрыс бөлінеді және ұсақтағыш тақталардың жұмыс бетінің біркелкі тозуына сеп болады. Олардың арасындағы алшақтықты реттеу өте қарапайым. Ол үшін арнайы өлшеуіш тақталар қолданылады. Осындай ұсатқыштар қолданылатын австриялық "Voestaline" металлургиялық зауытына барған кезде біз жоғары сапалы көміртекті феррохромның тәжірибелік партиясын жіберіп, өз өнімдерімізді сынап көрдік. Тіпті арнайы дайындық болмаса да, қондырғы кішкене заттардың мөлшерін азайтып, тапсырманы орындады.

Іске қосу және тәжірибелік сынақтар наурыз айына жоспарланған.