ЖИ Дөң тау-кен байыту комбинатында хром шығынын азайтуда
Байыту зауыттарында бір пайыздық үлестің өзі өте маңызды. Қалдықтарда металдың жоғалуы қаржылық нәтижеге тікелей әсер етеді. Ал процестің тұрақсыздығы бүкіл өндірістік циклдің болжамдылығына кері әсер етуі мүмкін.
Дөң ТКБК мамандары сыртқы шешімдерге емес, өздерінің әзірлеген өнімдеріне үміт артады. Гүлнұр Сарина (Қазхром) мен Асхат Букеевтің (BTS) ортақ басшылығымен бірлескен команда нақты уақыт режимінде хром жоғалту қаупін болжайтын және қызметкерлерге ауытқулар пайда болғанға дейін процесті түзетуге септесетін жүйе – ОМК-1 шөгінді машинасының «Цифрлық кеңесшісін» енгізді.
- Бүгінде байытуды өңдеу – Дөң тау-кен байыту комбинаты дамуының негізгі бағыты. Дәл осы жерде бүкіл өндірістік тізбек тиімділігінің негізі қаланады. Жасанды интеллекті пайдалану бізге табиғи ресурстарға барынша ұқыпты қарауға, яғни кеннің әр тоннасынан көбірек металл алуға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Мұның тек экономикалық ғана емес, жауапкершілік тұрғынан да маңызы ерекше, - деп атап өтті «Қазхром» ТҰК» АҚ байыту жөніндегі менеджері Гүлнұр Сарина.