Хромтауда шлам қалдықтарын өңдейтін ERG Green фабрикасы іске қосылды

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

Хромтауда шлам қалдықтарын өңдейтін ERG Green фабрикасы іске қосылды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгін Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы Дөң ТКБК-ның жаңа шлам өңдеп, байыту фабрикасына барды.

Фабрика жыл сайын 1,7 млн тонна шлам қалдықтарын өңдей алады. Негізгі шикізат – осыған дейін қордаланған және кен өндірісінен шығатын шлам.

ERG Green байыту фабрикасы – Дөң тау-кен байыту комбинатының жылдары бойы қорданған шламдарын өңдеу қамында қолға алынған кең ауқымды 4 жобасының бірі. Фабриканы іске қосу нәтижесінде осыған дейін өндірістен шығып, қордаланып жатқан 14,5 млн тонна қалдық қайта өңделіп, кәдеге жаратылады.

ERG Green жобасына құйылған инвестиция көлемі – 96 млрд теңге. Жобаны "Қазақстан даму банкі" АҚ қаржыландырған. Мұнда 400 жұмыс орны ашылады.

Орнатылған технология мен автоматтандыру деңгейі бойынша бұл әлемдегі ең заманау өндіріс. Шлам гравитациялық тәсілмен байытылады. Бұған дейін әлемде хром оксидін алуда бұл әдіс қолданылмаған. Құрамында 48.5% хром оксиді бар өнім алынбақ. Фабрика бірден бірнеше екі түтйкілді мәселені шешеді: 1. Қордаланған шлам көлемін азайтып, қайта өңдейді. 2. Аймақтың экологиялық ахуалын жақсартып, ERG-дің ферроқорытпа зауыттарын концентрантпен қамдайды. 

– Бұл жобаның экологиялық маңызы айрықша. Себебі, 14,5 млн тонна шлам қордаланып қалған, - деді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов. – Оның арасында өңдеуді қажет ететін кен қоры да мол. Ең бастысы – экологиялық стандарттарға сәйкес пайдалы өнім алынғаннан соң қалдықтарға рекультивация жасалуы тиіс. Осылайша, қоршаған орта мен тұрғындарға кері әсерді барынша азайтуға болады. Біз мұндай жобаларды барынша қолдаймыз.

2024 жылы қордаланған шламдарды қайта өңдеу бағытында тағы 3 бастама қолға алынады. Бұлар: қалдықтарды флотациялық байыту учаскесін салу, Кенді кесектеп, байыту фабрикасының қалдықтарын байыту, ұсақ дисперсті шикізатты брикеттеу учаскесін салу.

Шламдарды қайта өңдеу нәтижесінде ERG 200 мың тонна жоғарыкөміртекті феррохром өндірісін қамтамасыз етеді. Бұл жыл сайын қосымша 10 млрд теңге салық түседі деген сөз.

– Компания акционерлері ретінде бүгінде біздің мақстымыз – Топ кәсіпорындарының экологиялық тиімділігін арттыру, – деді жобаны таныстырған ERG S.a.r.l. Директорлары кеңесінің мүшесі - Бақылау кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов. – Біз компания миссия және ESG қағидаттарын басшылыққа ала отырып, менеджмент жоғары экологиялық стандарттарды мұқият сақтауы тиіс деген пайымдамыз. Сондықтан, Топ «Жасыл металлургия» атты ауқымды бағдарламамыз аясында арнайы Экологиялық стратегия әзірлеген. Осы Экологиялық стратегия аясында біз 2030 жылға дейін бұл бағытқа 228 млрд теңге инвестиция құюды көздеп отырмыз.

Сапар барысында Премьер-Министр ERG 110 млрд теңгеге жуық инвестиция құйып жатқан қуаты 155 Мвт болар жел электр станциясының құрылысы (2024 жылы іске қосылуы керек); жылдық қуаты 6,5 млн тонна кен алуға мүмкіндік берер «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» атындағы шахтаның 2-ші кезегі, және Топтың әлеуметтік бастамаларымен танысты.