Еуразиялық Топ 25 жылдық мерейтойын атап өтті

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

Еуразиялық Топ 25 жылдық мерейтойын атап өтті

Мерекеге бір жарым мыңнан астам қонақ жиналды. Олардың қатарында қызметкерлер, компания серіктестері, акционерлер және құрметті қонақтар бар. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялықтарды мерейтоймен құттықтады.
"ERG-дің шынайы оқиғалары" атты меркелік кеш өзгеше форматта өтті. Салтанатты шарада ең үздік қызметкерлер мен серіктестер марапатталып, 25 жылдағы Топтың "Туған" қалаларындағы өзгерістерді бейнелейтін ерекше интерактивті кітаптың "беташары" ұсынылды.

Шарада сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев компанияның дамуы Тәуелсіздіктің дамуымен тығыз байланысты екенін атап өтті.
- Бүгінде 1994 жылы қиын жағдайға тап болған кәсіпорындар аяғына тұрды. Компаниялар тобы 150 мыңнан астам жұмыс орнын құрды. ERG өндірісті дамытуға және кеңейту үшін 13 миллиард доллар инвестиция құйды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде.
Мерекелік кеште басты назарында қызметкерлер еді. Ондаған мамандар мемлекеттік, салалық және корпоративтік марапаттарға ие болды.
Топтың 19 маманы "ERG-ге адалдығы үшін" төсбелгісімен марапатталды, 25 еуразиялық "ERG-дің еңбек даңқы" төс белгісімен салтанатты түрде марапатталды.
Төсбелгілер тек еуразиялықтарға ғана емес, сонымен бірге ең сенімді серіктестерге, жеткізушілер мен мердігерлерге де табысталды. Халықаралық өнеркәсіптік топтың мерейтойлық марапаттарына тек қазақстандықтар ғана емес, сонымен қатар шетелдік жабдық өндірушілері, қызмет жеткізушілері және қаржылық серіктестері ие болды.
Бұл күні мерейтойға орай, компания алғаш рет "ERG Supplier Award" премиясын өткізді. Бүгінгі таңда ERG-мен екі мыңға жуық қазақстандық кәсіпорындар мен түрлі салалардағы және жүздеген халықаралық жетекші компаниялар жұмыс істейді.

Мерекелік шара қонақтарының көңілінен шыққан нәрсе - бұл барлық рөлдерді Топ кәсіпорындарының қызметкерлері ойнаған мюзикл.
Басты сюжет- ERG-дің символына айналған Ержігіт туралы жиынтық образ. Төрт елдің - Қазақстан, Бразилия, Конго Демократиялық Республикасы және Оңтүстік Африка Республикасының еуразиялықтары қойылым қатысушылары ретінде ойнады.
ERG мерейтойына арналған ерекше интерактивті кітап дүйім жұрттың үлкен қызығушылығын тудырды. Фотоальбом Топ құрылған жылдардағы аймақтардағы өзгерістерді бейнелейді.
Жарияланымның бір ерекшелігі - кейбір фотосуреттерді "тірі" деп атауға болады. Яғни, AR-технологиялар мен ERGland қосымшасының арқасында әлемнің кез-келген нүктесінен сіз ERG-дің "туған қалаларына", сонымен қатар Конго Демократиялық Республикасы мен Бразилияға бара аласыз. Фотосуретті смартфонға көрсете отырып, сізге ғимараттардың 3D-модельдерін қарастырып, кәсіпорындардағы, әлеуметтік инфрақұрылымдағы өндірістік процестердің бейнесімен танысуға болады.