ERG туған қалаларында MERGEN арнайы дәріханалары ашылды.
- Біз қызметкерлеріміз бен туған өңірлеріміздің тұрғындарының өмір сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытып келеміз, - деді Қазақстандағы ERG бас директоры Серик Шахажанов.
Ассортимент аптек включает лекарственные препараты, средства ухода и товары медицинского назначения. В каждой из них работают квалифицированные фармацевты, готовые проконсультировать по вопросам применения препаратов, дозирования и возможных взаимодействий.
MERGEN дәріханаларының ассортиментіне дәрілік препараттар, күтім құралдары және медициналық мақсаттағы тауарлар кіреді. Әр дәріханада препараттарды қолдану тәсілдері мен мөлшерлемелеріне қатысты кеңес беруге дайын білікті фармацевтер қызмет көрсетеді.
- Дәріханалардың тек компания қызметкерлеріне ғана емес, барлық қала тұрғындарына қолжетімді болатыны қуантады. Бұл формат дәрі-дәрмектерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді, - деді Ақсуда өткен ашылу салтанатында Ақсу ферроқорытпа зауытының техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі директоры Игорь Кулешов.
Жоба кезең-кезеңімен дамытылады. ERG дәріханалар желісі мен ассортиментін кеңейту мүмкіндігін қарастырып, әлеуметтік әсерді тұтынушылардың кері байланысы арқылы тұрақты түрде бағалауды жоспарлап отыр.
- Бүгінде компаниямыздың медициналық сақтандыру лимиті аясында дәрі-дәрмектерді тегін аламын. Ал отбасым үшін қажет болған жағдайда арнайы дәріханамыздан сатып ала аламын. Мұндағы бағалар қаладағы дәріханаларға қарағанда әлдеқайда төмен, - дейді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының әк түсіру машинисі Иван Дархан.
- Дәріхана ашу бастамасын өзекті деп санаймын. Өнімдер қатары кең, бағасы қолжетімді болған жағдайда бұл формат дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттырып, қызметкерлерге нақты қолдау болады, - дейді Дөң тау-кен байыту комбинатының техникалық бақылау цехының инженер-химигі Адия Кубашева.