Дөң тау-кен байыту комбинаты тау-кен техникаларын жаңалауда

Жаңалықтар Операциондық нәтижелер

Дөң тау-кен байыту комбинаты тау-кен техникаларын жаңалауда

Дөң тау-кен байыту комбинаты техникалық сипаттамалары жағынан ерекше деп танылған ұңғыма жабдықтарын жаңалауда. Жаңа техника белгілі процестерді механикаландыруға және шахтадағы тау-кен жұмысын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Таяуда комбинатқа "Robbins" ұңғыма комбайны мен "Boomer" бұрғылау жабдығы және "Brokk" шағын көлемді гидравликалық балға және шөміші бар өздігінен жүретін машина әкелінді.
Шахтада жұмыс істеу үшін алынған жабдық өндіріс процестерін механикаландырады және жұмысшыларға да ыңғайлы болмақ. Қажет болса, жабдықты жерасты жағдайларына бейімдеуге болады. Жаңартылған шведтік "Robbins" ұңғыма комбайны бұрынғыға қарағанда замануи: қуатты қозғалтқыш, сонымен қоса, бұрғылау тереңдігі мүлде басқа, бастысы нәтиже басқа. Комбайнның бұрғылау тірегі қауіпсіз, механикаландырылған және жылдам тік өндіруге мүмкіндік береді.
Мұндай кен өндіру әдісі желдету, кенді түсіру қажет. Оларсыз дайындық жұмыстары мен кен өндіру мүмкін емес. Кейбір жағдайларда тік қазу жұмыстары тау-кен және геологиялық жағдайлар қажет болған жерде қолмен жүзеге асырылады.

- 2020 жылы "Қазақстан тәуелсіздігінің он жылдығы" шахтасында көптеген тік жер жұмыстары жасалады деп жоспарлануда, - деді "Қазхром" ТҰК АҚ тау-кен өндірістік қызметінің басшысы Нұрлан Саринжипов. - "Роббинс" өз кезегінде 2021 жылға арналған тау-кен жұмыстарын жүргізуге оң әсерін тигізеді.
Жаңа бұрғылау қондырғысы "Boomer" және саңылауларды барлау құралы "Молодежная" шахтасының кеншілеріне үлкен көмек болары сөзсіз. Бұл техникамен бұрғылау жұмыстары қарқын алды.