Ақсу ферроқорытпа зауытында дайын өнімдердегі ұсақ үгітінділер санын азайтуда

Жаңалықтар Операциондық нәтижелер

Ақсу ферроқорытпа зауытында дайын өнімдердегі ұсақ үгітінділер санын азайтуда

Кәсіпорында ұсақ үгітінділердің пайда болуын қысқарту тәсілдерін қастыруда - ферроқорытпаларды құю және оны ұсақтау үшін де баламалы жабдықтарды таңдайды. Қазір №6 балқыту цехында жаңа гидравликалық ұсақтағыштың монтажы басталды. Ал №4 цехта жақында орнатылған құю машинасы сыналып жатыр. Екі түйін де шығынды азайтуға және ферроқорытпа өндірісін барынша тиімді етуге мүмкіндік береді.

Жаңа құю машинасы №4 цехтың балқыту корпусы мен дайын өнім қоймасының ортасына орнатылған. Кореялық өнімнің ерекшелігі оның формасында және шөміштен қыздырылған металл құйылатын конвейерлік таспасында. Олар графиттен осы материалдың беріктігін бірнеше есе күшейтетін арнайы технологиямен дайындалған, сонымен қатар ұяшықты құрылымы бар. Графит табиғатында балқытылған металмен нашар әрекеттеседі, оның бетіне жабысуға мүмкіндік бермейді. Шағын құймалар, ал олар әрбір құймақалыпта 20-дан 40 данаға дейін болуы мүмкін. Өз салмағының арқасында ұяшықтардан оңай ажырайды. Бұл қорытпаның ұсақталуы мен фракциялануын болдырмауға мүмкіндік береді.

Конструктивті тұрғыда жаңа құю машинасы өте қарапайым және бүгінгі күні зауытта пайдаланылғандардан аса айырмашылығы жоқ. Жаңа машинаның басты айырмашылығы - ол жоғары дәрежеде автоматтандырылған. Мұндағы әрбір түйін жіті бақыланады. Машинаның жиілігі реттеліп отыратын заманауи қуатты жетегі бар. Гидравликалық жүйе, металмен көлбеу шөміш конвейерлік таспаның қозғалыс датчиктерімен нақты байланыста, бұл оператордың жұмысын жеңілдетеді.
Егер жаңа қондырғының жұмысы сәтті болса, мұндай құю машиналарымен кәсіпорынның барлық балқыту цехтары жабдықталатын болады.