Ақсу ферроқорытпа зауытында алғашқы экзоскелет сыналды

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

Ақсу ферроқорытпа зауытында алғашқы экзоскелет сыналды

Алғашқы экзоскелетті сынау кәсіпорынның механикалық-жөндеу цехтары блогында өтті. Себебі, бұл учаскеде жұмыстар көбіне қол еңбегімен атқарылады. Мұндай қимыл-қозғалыстар толық жұмыс күні ішінде тез шаршатады. Яғни қызметкер зейіні төмендейді. Экзоскелеттерді қолдану тірек-қимыл аппаратына салмақ салмай, нәтижесінде зауыт жұмысшыларының денсаулығына оң әсер етеді деп күтілуде.

– Біз қызметкерлеріміздің физикалық белсенділігін мүмкіндігінше жеңілдетуге тырысамыз, - деді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Валентин Чихичин. – Бүгінгі күні экзоскелет – еңбекті қорғау нарығындағы болашағы зор үрдіс. Ол денсаулықты қорғауда айтарлықтай үлес қосуға қауқарлы. Сондықтан экзоскелеттерді тәжірибелік алаңда қолданудың оң тәжірибесін алғаннан кейін, оларды басқа өндіріс орындарына енгізу мүмкіндігін қарастырамыз.

Ресейлік «EXORISE» («Экзорайз») компаниясының экзоскелеті адамның омыртқасына түсетін жүктемені үштен бір бөлігіне азайтуға қабілетті, сондай-ақ дұрыс қалып пен жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Экзоскелет инновациялы жеңіл материалдан жасалған қаптамадан тұрады. Салмағы небәрі екі келі. Қолдануға өте ыңғайлы.

– Костюмді артық көмексіз бір минут ішінде тез киюге болады. Киіп тұрғанда альпинистік құрал-саймандар еске түседі, - деді электргазбен дәнекерлеуші Александр Волков. – Негізгі қаңқаны аяқтар мен қолдардағы тіреулермен байланыстыратын икемді тартқыштар қолдың иілуін және жазылуын сәл қиындатады, бірақ түзетуді едәуір жеңілдетеді. Жалпы, экзоскелетте кез-келген тиеу-түсіру операцияларын орындау әлдеқайда оңай.

Механикалық-жөндеу цехтары блогының басқа учаскелерінде пассивті экзоскелетті қолдану туралы оң пікір, кері байланыс болған жағдайда, мұндай жабдықты пайдалы болуы мүмкін басқа да құрылым өкілдері үшіне сатып алу жағы қарастырылады.