«Қазхром» қызметкерлерді тасымалдайтын көліктерді жаңартты

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

«Қазхром» қызметкерлерді тасымалдайтын көліктерді жаңартты

Компания филиалдарына тоғыз жаңа автобус жеткізіліп, қызметкерлерді жұмыс орындарына күнделікті жеткізуді әлдеқайда ыңғайлы, қауіпсіз әрі сенімді етіп отыр.

Бүгінде Ақтөбе ферроқорытпа зауытына 55 орындық үлкен автобустардың үшеуі әкелінді. Олар сұранысқа ие бағыттарда қатынап, қызметкерлерді күнделікті тасымалдауды қамтамасыз етеді. Көліктер заманауи экологиялық стандартқа сай дизельді қозғалтқыштармен және екі контурлы пневматикалық тежегіш жүйесімен жабдықталған. Бұл техниканы қарқынды пайдалану кезінде әсіресе маңызды.

Бұдан бөлек, аталған кәсіпорын 24 орындық орташа сыйымдылығы бар автобуспен де толықты. Көлік жолаушылардың жайлылығына да бейімделіп, кондиционермен, автономды жылытқышпен және салонды тиімді жылыту жүйесімен жабдықталған. Олардың барлығы жүргізуші мен жолаушылар үшін жылдың кез келген уақытында жайлы жағдай жаратуға мүмкіндік береді.

– Автопаркті жаңарту – ең алдымен адамдарға және өндіріс тұрақтылығына салынған инвестиция. Жұмыс орнына дейінгі жайлы жол – қызметкерлердің жақсы көңіл-күйі, олардың жоғары мотивациясы мен тәртібі. Дегенмен ең бастысы – адамдардың қауіпсіздігі, – деді «Қазхром» АҚ персонал және мәдениет жөніндегі директоры Нұрлан Тасимов.

Дөң тау-кен байыту комбинаты да мұндай жаңартудан қалыс қалған жоқ. Бұл жерге де 55 орындық үлкен автобустардың екі данасы жеткізілді. Жаңа көліктер «Молодежная» шахтасының маршрутында жұмыс істеп, кондиционермен, реттелетін орындықтармен және бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Еске сала кетейік, осындай көліктер кәсіпорынға былтыр да әкелініп, өндірістік маршруттарда тиімділігін дәлелдеген болатын.

Жалпы, соңғы жылдары Дөң тау-кен байыту комбинатының автобус паркі 20-дан астам техникамен жаңартылды. Олардың қатарында жолаушылар автобустары, вахталық көліктер мен шағын автобустар бар.

Ақсу ферроқорытпа зауытының автокөлік цехына да жоғары сыйымдылығы бар автобустардың төртеуі жеткізілді. Олардың екеуі алыс сапарларға арналған туристік санаттағы автобустар болса, тағы екі автобус кәсіпорын аумағындағы тұрақты бағыттарда қызметкерлер мен шағын көлемді жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын болады.