«Қазхром» Ақтөбе қаласында иесіз жануарларды тегін зарарсыздандыру пилоттық жобасын жүзеге асырады

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

«Қазхром» Ақтөбе қаласында иесіз жануарларды тегін зарарсыздандыру пилоттық жобасын жүзеге асырады

«Қазхром» еріктілер және «4 лапы» ветеринарлық клиникасымен бірге Ақтөбедегі үйсіз жануарлар санын адамгершілікпен азайтуға бағытталған пилоттық жобаны қолға алды. Биылғы жылы 300-ден астам жануарды зарарсыздандыру жоспарланған.

Компанияның Ақтөбе қаласында үйсіз жануарларға қамқорлық танытып, оларды зарарсыздандыру жобасын жүргізіп жатқанына биыл үшінші жыл. 2019-2020 жылдары жоба серіктестері – «4 лапы» ветеринарлық клиникасы және еріктілермен бірге 356 мысық пен ит зарарсыздандырылып, стерилденді. 2021 жылы – тағы 300-ге жуық жануарды қамту жоспарланған. Компания осы мақсатқа 5 миллион теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл жобаны жүзеге асыру – қала көшелеріндегі иесіз хайуанаттардың санын ізгілікпен реттеудің ымыралы шешіміне алғашқы қадам.

– Біздің кәсіпорын түрлі бастамаларды жүзеге асырып келеді. Көптеген қайырымдылық және демеушілік істердің қатарында иесіз жануарларға септесуге бағытталған жобалардың барына қуанамын, - деді «Қазхром» еріктісі әрі белсендісі Полина Овсиенко. – Өкінішке орай, Қазақстанның тек бірнеше қаласында ғана бюджет есебінен жануарларды зарарсыздандырады. Ақтөбедегі пилоттық жобаны «Қазхром» қаржыландырып отыр. Болашақта жануарларды жою қауіпі осы жоба арқылы тоқтатылып, «иесіз жануарлардың» саны азаяды деп сенеміз.

2021 жылы өзара серіктестік механизмі жетілдірілді. Енді жұмыс делдалсыз жүргізілетін болады. Жоба операторы ретінде «4 лапы» ветеринарлық клиникасы таңдалған. Ал қалалық еріктілер процестерді үйлестіреді. Жоба иесіз жануарлар мен еріктілер ұстап отырған жануарларды қамтымақ. Сонымен бірге, осы жылы компанияда зарарсыздандырылған жануарларды жабындармен және олардың әрқайсысына арнайы нөмірленген белгімен қамтамасыз етуге қаражат бөлу көзделген. Сол арқылы жануардың стерильді екенін және оны жоюдың қажеті жоқ екенін анықтауға болады.

– Ғалымдар бір сау мысық өмірінде 200-дей марғау тууы мүмкін деп естейді. Алайда, олардың барлығы түгел жылы жер, мейірімді қожайынға тап бола бермейді. Яғни, олардың көшеде қалуы да мүмкін, - деді «4 лапы» ветеринарлық клиникасының ветеринары Ольга Опря. – Жануарлардың санын реттеудің ең ізгі тәсілі – зарарсыздандыру. Стерильді жануардың агрессиясы аз, сабырлы және оған тұрақты үй табылуы мүмкін. Себебі, көп адамдар жануарлармен бас қатырғысы келмейді. Жобаға қызығушылық бар. Бұл еріктілер мен қоғам белсенділері үшін жақсы көмек. Қаладағы көптеген орындар өздері асырап отырған жануарларды зарарсыздандырған.