Корпоративтік тәртіп кодексі

Казхром ERG-де қабылданған Корпоративтік тәртіп кодексіне сәйкес қызмет атқарады.

Компания атынан директорларды, қызметкерлерді, консультанттарды, агенттерді және басқа сыртқы тараптарды қоса алғанда, барлық әрекет етушілер ERG-дің Корпоративтік тәртіп кодексінің ережелеріне сай болулары керек, Компанияның барынша мүдделері есебімен адал және шынайы іс-қимылдар жасап, іскерлік тәртіптің жоғары этикалық стандарттарына сәйкес және барлық қолданыстағы заңдар мен нормаларды басшылыққа ала отырып өз міндеттерін орындау кезінде естілік танытулары қажет.

ERG-дің әрбір қызметкері ERG-дің корпоративтік тәртіп кодексімен танысуға және оның ережелерін сақтауға, сондай-ақ оны енгізуге ат салысуға, кодекс ережелерінің сақталмаған әлеуетті жағдайлары жөнінде кідірместен хабарлауға міндетті.

Компания қызметкерлер үшін міндетті тренингтер, жұмыс семинарлар мен талқылау топтарын ұйымдастыру арқылы қызметкерлерге кодекс туралы хабардар болуға және оның ережелерін түсінуге көмектеседі.

ERG сондай-ақ өзінің іскерлік серіктестерінен, қосалқы мердігерлерінен және жеткізушілерінен қолданылатын заңдар мен нормаларды сақтауды талап етеді.

Компания өз серіктестерінің заңдар мен нормаларды сақтауын бақылауға және іс-қимылдар әдептілігіне күмән келтірілген жағдайда бұзушылықтарды шеттету бойынша барлық қажетті шараларды шұғыл қабылдауға міндеттенеді.

Корпоративтік тәртіп кодексі