Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

Жаңа хром кенорындары

Жаңа «Геологическое I» кен орнындағы барланған қор көлемі – миллион тоннаға жуық екені анықталды. «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинаты тағы үш кен орнын игеруге дайындалып жатыр.

Шағын кен орындарын игеру компания қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Ол хром кенінің негізгі өндірісін қолдайды және Қазхромның ферроқорытпа зауыттарын шикізатпен тұрақты түрде қамтамасыз етеді.

Хромтау ауданында ауқымды барлау жұмыстары 2016 жылдан бері жүргізіліп келеді. Мемлекеттік комиссия барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша «Геологиялық I» кен орнының қорында - миллион тоннадан астам жоғары сапалы хром кенін барын растады.

Жаңа кен орнындағы хром оксидінің орташа мөлшері 54,9%, яғни кен құрамы бай. Қорлардың бір бөлігі – ашық әдіспен, бір бөлігі – жарасты әдісімен өндіріледі. Бұл әрі ыңғайлы, әрі экономикалық тұрғыдан тиімді болады, - деді тау-кен байыту бөлімі қызметінің басшысы Нұрлан Саринжипов. – «Кенді» игеру үшін кеннің үстінде жатқан бос жыныстар қабатын алып тастау арқылы үлкен көлемдегі аршылым жүргізу қажет. Аршылым көлемі бірнеше миллион текше метр. Алғашқы кен қазу жұмыстары қазан айына жоспарланып отыр.

Дөң тау-кен байыту комбинатында тағы үш кен орнын игеруге дайындық жүріп жатыр. «Дүбірсай» кенбасқармасында кенді игеру биыл басталады деп күтілуде. Ол 300 мың тоннадан аспақ. Қазір онда өндіріс үшін нақты деректерді анықтауға ұңғымалар бұрғыланып жатыр. «Южный» карьерінінің кеніш қорларын күрделі өңдеумен аршылым жұмыстары басталған. Мұндағы кен өндіру 2023 жылы басталады. Осы процесс «Мирный» карьерінде де жүріп жатыр. Мұндағы «Северный борт» кен орнында кеншілерді нысанадан тек 430 погон метрі бөліп тұр. Мамандардың айтуынша, бұл жақта шамамен 150 мың тонна кен бар.

Шағын кен орындары өздігінен жүретін техникалармен: тиеу-тасымалдау көліктері, автосамосвалдар және ұңғымаларда жару жұмыстарына арналған бұрғылауға білдектермен өндірілетін болады. Бұл аталған жабдықтардың барлығы Дөң тау-кен байыту комбинатында алғаш рет қолданылмақ.

Қазіргі уақытта кәсіпорын геологиялық барлауды жалғастыруда. Яғни, қорларды растау және «Геологическое II» және «Геофизическое VII» кен орындарында игеру әдістерін анықтау ісі жүріп жатыр. Одан бөлек, компания тағы екі хром кені орны – Дауыл-Көкпекті аймағы және «Білге» кен басқармасында жұмыс басталып жатыр. Геологиялық барлау жұмыстары кезең-кезеңімен 2025 жылға дейін жоспарланған.

Жапы алғанда, Дөң тау-кен байыту комбинаты 83 жыл ішінде 225,3 миллион тонна хром кенін өндірген.