Ақтөбе облысында ERG Skills кәсіби шеберлік конкурсы өтті

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

Ақтөбе облысында ERG Skills кәсіби шеберлік конкурсы өтті

Оған «Қазхром» кәсіпорындарының жас қызметкерлері, сондай-ақ Колледждер альянсы мен ERG құрамына кіретін жоғары оқу орындары мен колледждердің білім алушылары қатысты.

Конкурсқа ең көп құзыреттер - 11 бағыт бойынша қатысқан — Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі және Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі. Бұл оқу орындары жас мамандар өз шеберліктерін көрсете алуы үшін заманауи шеберханалары мен зертханаларын ұсынды.

— Жыл өткен сайын ERG Skills ауқымын кеңейтіп, жаңа есімдерді танытып, елімізде жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып келеді, — деді байқаудың ашылуында «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның персонал және мәдениет жөніндегі директоры Нұргүл Нұрғалиева. — Былтырғы жеңімпаздарымыз – Дөң тау-кен байыту комбинатының тәрбиеленушілері. Олар өздерінің шыңдалған тәжірибелік дағдыларының арқасында Қытайда өткен беделді халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болып, компания абыройын биікке көтерді. Сондықтан, биыл да халықаралық деңгейде ел намысын қорғайтын жаңа жұлдыздарымыз пайда болады деп сенемін.

Ол жұлдыздар биылғы байқауда да жарқырай көрінді. Мәселен, «дәнекерлеу ісі» құзыреті бойынша жеңімпаз — Дмитрий Кунаев, «электрмонтаж» — Данил Дрижак, «өндірістік автоматика» — Балғынбек Мырзабек, «пайдалы қазбаларды байыту» — Балауса Әуесхан. Барлығы — Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің білім алушылары. «Слесарлық іс» бойынша үздік — Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің білім алушысы Аят Сайлау. Ал «CAD инженерлік графикасы» бойынша жеңімпаз — Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің білім алушысы Аралбек Жанысбеков.

— Колледжге түскенде тіпті сым тартуды да білмейтінмін, ал бүгін өз құзыретім бойынша бірінші орын алдым. ERG Skills маған жеңіс қана емес, үлкен сенімділік берді. Енді басқа байқауларға да қатысуды жоспарлап отырмын, — дейді Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің 2-курс студенті Дмитрий Кунаев.

Жеңімпаздар қатарында ERG кәсіпорындарының жас қызметкерлері де бар. «Еңбекті қорғау» құзыреті бойынша үздік — Елизавета Скрыпник, «химиялық талдау зертханасы» — Еламан Марат, «тау-кен ісі» — Марғұлан Умбаев, «маркшейдерлік іс және геодезия» — Ерасыл Қадыржанов. Олар — Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері. Ал «токарлық іс» құзыреті бойынша жеңіске Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмыскері Жиренше Әбдірахманов жетті.

— Біз ERG Skills байқауына қатысушылардың кәсібилігі мен шеберлігінің өсуіне мақтанышпен куә болып отырмыз. Жұмыстарыңызды бағалаған компания сарапшыларыңыздың көпшілігі өте жоғары біліктілік пен кәсіби шеберлікті көрсетті. Бұл – сіздердің кәсіби мансаптарыңыздағы маңызды қадам. Жетістіктеріңіз — өз табыстарыңыз әрі жаңа мүмкіндіктеріңіздің дәлелі. Еңбектеріңіз әріптестеріңізге үлгі болсын, — деді байқауға қатысушыларға арнаған сөзінде «Еуразиялық Топ» ЖШС бас директоры Серік Шахажанов.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталып, ERG кәсіпорындарына жұмысқа орналасу кезінде басым үміткерлер қатарынан көрінеді. Бұған қоса, биыл алғаш рет «Қазхром» ТҰК» АҚ бастамасымен, үздік практикалық дағдылар мен шеберлігін көрсеткен колледж студенттеріне Дөң ТКБК-да жұмысқа шақыру сертификаттары табысталды. Олардың қатарында коллержердің 8 студенті бар.