Ақсу ферроқорытпа зауыты өндірістік алаңдарды ұлғайтуда

Жаңалықтар Операциондық нәтижелер

Ақсу ферроқорытпа зауыты өндірістік алаңдарды ұлғайтуда

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК" АҚ филиалы — Ақсу ферроқорытпа зауыты төртінші балқыту цехының бір алаңын ұлғайтуда. 3,3 миллиард теңгеге бағаланған жобаны іске асыру әлемдегі ірі металлургиялық кәсіпорынға бірден бірнеше өндірістік тапсырмаларды қатар шешуге мүмкіндік бермек.

Бүгінде зауыт құрамында төрт балқыту цехы бар. № 1 балқыту цехында алты электр пеші жұмыс істейді. Осы кезге дейін олардың екеуі хромды, төртеуі — марганецті қоспалар өндірісімен айналысып келді. 2016 жылдан бастап цехтың тағы екі пеші феррохром қорытуға ауыстырылған, осы жағдай құю өткелінде де дайын өнім қоймасында да қосымша алаңдарды талап етіп тұр.

— Хромды өндірістің марганецті өндірістен басты ерекшелегі технологиялық үрдіс барысында пайда болатын қож көлемі екі есе көп. Сәйкесінше, қосымша техника мен жабдықты талап етеді, — дейді кәсіпорын директоры Сергей Прокопьев. — Пештерді қайта бағдарлағанда біз қандай қиыншылықтарға кездесетінімізді жақсы түсіндік. Себебі № 1 цех әуел бастан қожсыз өндіріс үшін жобаланып, салынған. Онда қажетті инфрақұрылым жоқ. Бірақ зауыт әрқашан әлем нарығының конъюнктура өзгерісіне икемделіп, дер кезінде бағдарын өзгертумен ерекшеленген. Сол себепті балқыту цехын ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.

Құрылыс барысында цех корпусының ұзындығы 48 метрге, ал дайын өнім қоймасының ғимараты — 30 метрге ұлғайяды. Бүгін мұнда ірге тастар орнатылатын жер қазылып жатыр. Барлық электрлік бөлім, газарнасы ауыстырылады, балқыту корпусының теміржол және кран жолдары ұзартылады. Құю өткелінде тағы бір электркөпірлік кран, ал дайын өнім қоймасында — ұсақтаудың, себудің, биг-бэгтерді тиеудің және дайын өнімді жөнелтуге дайындаған кездегі басқа да операциялардың қосымша тораптары орнатылатын болады.

Жобаны әзірлеу серіктес ретінде — «Гипропром» украин институты, ал құрылыс-монтаждау жұмыстарының бас мердігері ретінде «Стальмонтаж» ЖШС жұмысқа жұмылдырылған. № 1 балқыту цехын кеңейтуді жұмыстарын осы жылдың қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.

2018 жылғы Ақсу ферроқорытпа зауыты өндірісті 2,7% ұлғайтты және 1,12 млн тонна хромды, марганецті және кремнийлі ферроқорытпа өндірген.