«Қазхром» ұжымы «Өмір сылаушы еуразиялық» қайырымдылық акциясын қолдады

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

«Қазхром» ұжымы «Өмір сылаушы еуразиялық» қайырымдылық акциясын қолдады

Ақсу, Ақтөбе және Хромтау өткен бастама аясында 63 адам гемопоэздік дің жасушаларының әлеуетті донорлары тіркеліміне қосылуға ниет білдірді. Акцияда әсіресе Дөң тау-кен байыту комбинатының ұжымы ерекше белсенділік танытты. Мұнда тіпті геология бөлімінің қызметкерлері игі істі бір кісідей қолдап, тіркелімге түгелдей қосылды.

- Бұған дейін донорлар тіркелімі туралы аса көп білмейтінмін. Мән-жайға қаныққан соң, бұл істен шет қалмауды ұйғардым. Қан тапсыру көп уақыт алмайды, есесіне күндердің күнінде бір адамның қмірін сақтап қалуға септігі тиюі мүмкін. Сондықтан бұл – менің саналы таңдауым, - дейді ДТКБК қызметкері Данияр Бесенов.

Гемопоэздік дің жасушаларының донорлығы қанның ауыр дертіне шалдыққан науқастарға ауадай қажет. Тіркелімдегі донорлар көбейген сайын, науқасқа генетикалық тұрғыдан сәйкес келетін адамды табу мүмкіндігі де арта түседі. Базаға ену үшін небәрі 9 мл қан тапсыру жеткілікті. Ал донор мен науқастын көрстекіштері сәйкес келсе, бұл дертпен күрескен жанға нақты көмек болады.

- Әріптесім екеуміз бес жылдан бері тұрақты донормыз. Біз үшін бұл қарапайым ғана іс болып көрінгенімен, өз донорын сарыла күтіп жүрген жан үшін оның маңызы орасан зор. Сондықтан мұндай игі бастамаларды әрдайым қолдау керек, - дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының әлеуметтік жобалар жөніндегі сарапшысы, Ақсу қаласынығ құрметті доноры Полина Симакова.