«Қазхром» компаниясы – «Жауапты хром өндірушісі » мәртебесін алды
«Қазхром» ТҰК» АҚ-ның құрметті атағын Хром өндірушілердің халықаралық қауымдастығы (ICDA) табыстады. Әлемде тек алты компания ғана «Жауапты хром өндірушісі» мәртебесіне ие.
ICDA Атқарушы директоры Шераз Неффатидің айтуынша, «Хром өнеркәсібінде компания жауапкершіліктің жоғары стандарттарымен жұмыс істейтінін ресми түрде растауына деген қажеттілік бар.
– ICDA ең ұзақ мерзімді амбицияға ие және біздің тікелей мақсатымыз – мүмкіндігінше көп компаниялардың біздің жауапты өндіруші бағдарламамызға табысты қосылғанын қалаймыз. Біз хром өндірушілерге қойылатын стандартты талаптардан асқан және «Жауапты өндіруші» белгісін алған компанияларды құттықтаймыз, - деді Шераз Неффати.
«Жауапты өндіруші» мәртебесін тағайындау кәсіпорындардың өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын сақтауы және озық тәжірибені қолдануын, қызметкерлер мен жергілікті қауымдастықтар үшін этикалық талаптарды сақтауын, балалар еңбегі мен заманауи құлдықты жою сияқты құндылықтарға беріктігін көрсетеді. Маңызды санаттар арасында қоршаған ортаға кері ықпалды барынша азайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес те бар.
Компанияның құндылықтарға сәйкестігін айқындау үшін корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті бағалауға маманданған, тәуелсіз Ecovadis агенттігі жұмылдырылды. Қазхром Еуразиялық Топтың өнім жеткізушілерін таңдауда жауапты көзқарасты ұстанып және тұрақты даму тәжірибесін жетілдіру қамында жүйелі жұмыс жүргізгені үшін Ecovadis-тің күміс медалін иеленді.
Бүгінде компания Дөң тау-кен байыту комбинатында қалдықтарды қайта өңдеуде флотациялық және инновациялық технологияларды қолдана отырып, қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін азайтуға мүмкіндік беретін әлемдегі өндіру қабілеті мен автоматизациясы бойынша ең заманауи жаңа кешен салып жатыр. Негізгі жобалар қатарына шығарынды ферроқорытпа газымен жұмыс істейтін электр станциясының құрылысы, өндірістің қалдықтарын қайта өңдеу бағытындағы бастамалар кіреді. Оның ішінде газтазартудағы шаңды брикеттеу, қож бен қалдықтарды айналмалы экономика ұғымымен 20-дан астам тауарлық өнім түріне өңдеу (ERG Recycling).
Тек 2020 жылы қоршаған ортаны қорғау шараларына 55,3 миллион доллар инвестиция құйылды. Қызметкерлерді әлеументтік қолдауға 14,7 миллион АҚШ доллары бөлінді. Ал, Қазхром аймақтарындағы әлеуметтік инвестициялар 9 миллион АҚШ доллары межесінде.
Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов «Қазхром» командасы халықаралық деңгейде жауапты өндіруші ретінде Қазхром принциптері мен сапасын мойындайтын жетекші халықаралық қауымдастықтың бұл бағасын мақтан тұтатының айтты.
– Біз ең заманауи технологияларға негізделген экологиялық жобаларды іске асыруға талпынамыз. Энергия тиімділігін арттыру бағытында көптеген бастамаларды қола алдық және біздің кәсіпорын жұмыс істейтін аймақтардың әлеуметтік дамуына инвестиция құямыз. Біз ICDA -мен ұзақ уақыттан бері қызметтеспіз және бүкіл әлем бойынша хром өндірісінде тұрақты даму принциптерін енгізу, материал ретінде оның құндылығын арттыруда табысты жұмыс атқаратын Қауымдастықтың көптеген жобаларына белсенді қатысамыз, - деді Арман Есенжолов.
– Мен Қазхром мен ERG -ді осы шабыт сыйлар жетістігімен құттықтағым келеді. Бұл сонымен қатар Қазақстанның мақтанышына айналады. Өйткені, Қазхром біздің елімізді хромның жауапты өндірушісі ретінде әлемдік аренада көрсетеді. Басқа да тау-кен металлургия кәсіпорындары Қазхромды үлгі тұтып, ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету қамында біздің ортақ жұмысымызға үлес қосады деп сенемін, - деді ҚР Тау-кен өндіруші және металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец.
ERG-дің трансформация және тұрақтылық жөніндегі директоры Анастасия Кускова бұл жетістікті ERG-дің экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG) мәселелеріне адалдығының айқын дәлелі екенін айтты.
– Бұл керемет жетістік. Қазхромға жауапты өндіруші мәртебесін беру компаниядағы ESG тәжірибесін одан әрі жақсартуға ынталандырады. Мен Қазхромдағы әріптестерімізге, біздің корпоративтік кеңселерімізде, атап айтқанда, экология, сондай-ақ, комплаенс, адам ресурстарын басқару және сатып алу департаменттеріндегі аудиторлардың жоғары бағасын алғандарыңыз үшін, тиімді және мақсатты жұмыстарыңыз үшін алғыс айтқым келеді.
Анықтама: The International Chromium Development Association (ICDA) – Хром өндірушілердің халықаралық қауымдастығы. Қауымдастық 1901 жылдың 1 шілдесінде Франция заңнамасына сәйкес ұйымдастырылды. Қауымдастық мүшелері – бес құрлықта орналасқан 26 мемлекет өкілінің хром өнеркәсібі бойынша әлемдік көшбасшылары. Бұл әлемнің кез келген нүктесінде хромды материалдарды өндіруге, өңдеуге, жеткізуге және зерттеуге мүдделі компаниялар немесе ұйымдар.