Негізгі даму жобалары

Соңғы үш жылда «Қазхром» қолданыстағы кәсіпорындарда жөндеу және техникалық қызмет көрсету және де жабдықтардың тиімділігі мен сенімділігін арттыру, өндірістік қуаттылықтарды кеңейтуга айтарлықтай қаржы көлемін салды. «Қазхром» өзіне 180 астам бастамалар кіретін операциялық тиімділікті арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын белсенді жүзеге асыруды жалғастыруда. Топ өндірісті өрбіту және минералды-шикізат базасын игеруді одан әрі дамыту мақсатында Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарында және Дөң КБК ауқымды жобаларды жүзеге асыруда.

Бизнесті дамыту бойынша соңғы маңызды бастамалар деп Ақтөбе ФЗ № 4 цехының құрылысын, Ақсу ФЗ № 6 цехын қайта құрылуын және Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтасын ұлғайтуды, сондай-ақ ERG Green фабрикасының іске қосылғандығын айтуға болады.

ERG Green байыту фабрикасы

2023 жылы Дөң тау-кен байыту комбинатының ERG Green байыту фабрикасы іске қосылды. Фабрика жыл сайын 1,7 млн тонна шлам қалдықтарын өңдей алады. Мұндағы маңызды нәрсе – жылдар бойы қордаланған шламдардың өңделуінде.

Орнатылған технология мен автоматтандыру деңгейі бойынша жаңа фабрика әлемдік стандарттарға сай. Мұнда шлам гравитациялық тәсілмен байытылады. Бұған дейін әлемде хром оксидін алуда бұл әдіс қолданылмаған.

Фабрикаға құйылған инвестиция көлемі – 96 млрд теңге. Жоба «Қазақстанның Даму банкі» АҚ қатысуымен қаржыландырылды.

ERG Green байыту фабрикасы – Дөң тау-кен байыту комбинатының жылдары бойы қордаланған шламдарын өңдеу қамында қолға алынған кең ауқымды төрт жобасының бірі. Фабриканы іске қосу нәтижесінде қордаланып жатқан 14,5 млн тонна қалдық қайта өңделіп, кәдеге жаратылады.

ERG Green байыту фабрикасы
Ақтөбе ФЗ № 4 цехы

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының № 4 цехы — әлемдегі бірінші тұрақты тоқты жабық электрпешті ірі зауыт. Бұл инновациялық өндірістік нысанның құрылысы 2009 жылы басталды, ал 2014 жылы алғашқы өнім алынды. Зауыт құрылысының негізгі мақсаттарының бірі — ағымдағы күрделі шығындармен бірге операциялық шығындарды қысқартуға алып келетін агломерацияның жеке бөліктерінде қажеттіліксіз ұсақтарды қайта балқыту болды.

Цех құрамына өзінің барлық тиісті инфрақұрылымдары бар пештер кіреді (кірме жолдарымен, шихтаны тиеу және дайындау цехымен, балқыту цехымен, уатып-іріктелген қондырғымен, қож құю учаскесімен, қожды қайта өңдеу және газ тазарту жүйесі бар кешенімен).

Орнатылған қуаттылық пен пайдаланылатын технологиялар бойынша теңдесі жоқ зауыт.

Key Development Projects
Ақсу ФЗ № 6 цехын қайта құру

Жоба мақсаты — бір мезгілде операциялық шығындарды қысқарту және цех қызметінің мерзімін ұзарту кезінде жоғарғы көміртекті феррохром өндірісін одан әрі арттыру үшін Ақсу ферроқорытпа зауытының № 6 әрекеттегі төрт пешін қайта құру. Пештердің қайта құрылуы 2017 жылы басталды, 2019 жылы № 64 пешті іске қосу сәтті аяқталды.

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» шахтасын кеңейту

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» шахтасының өндірістік қуатын екі есе ұлғайту мүмкіндігі бар. Жүзеге асыруға жоспарланған жобаларға 2019 жылы желдеткіш ұңғымасын және 2023 жылы шахталық ұңғыманы іске қосуды енгізу кіреді.