Жоғары көміртекті феррохром (HC FeCr)
Құрылыс, көлік, машина жасау, көпшілік тұтынатын тауарлар мен өнеркәсіп құбырларын өндіруде пайдаланылатын тот баспайтын болат жоғары көміртекті феррохром пайдаланудың түпкі өнімі болып табылады.
Тазартылған қорытпалар (MC/LC FeCr)
Орта және төмен көміртекті феррохром көміртек мөлшерін шектеуді қажет ететін тот баспайтын және легірленген болат өндірісінде қолданылады. Сондай-ақ аса берік материалдарды қажет ететін шарлы мойынтіректер, құрал-саймандар мен құрылғылар үшін арнайы легірленген болат өндірісі кезінде қолданылады.
Ферросиликохром (FeSiCr)
Орта және төмен көміртекті феррохром өндіруге қажетті аралық өнім. Хромды болаттардың жекелеген түрлерін өндіруге арналған металл ретінде қолданылады.
Ферросиликомарганец (FeSiMn)
Болат қорытпалары өндірісінде (Гадфильд болаты) олардың құрылымы мен қасиеттерін жақсарту үшін қолданылады. Қолдану саласы: тау-кен өндіру, құрылыс және теміржол өнеркәсібі.
Ферросилиций (FeSi)
Тозуға, коррозияға, қышқылдың әсеріне және жоғары температураға беріктігін, икемділігін, электр өткізгіштігін және орнықтылығын жақсартады.
Ферросилиций автокөліктер өндірісінде пайдаланылатын трансформаторлық және көміртекті болаттарда қолданылады.
Хром кені (Cr Ore)
Хром кендерінен өндірілген металл коррозияға төзімді қорытпалар, феррохром және тот баспайтын болат алу үшін хромды қаптауда және легирлеуде қолданылады. Жоғары жылу кедергісіне байланысты хром отқа төзімді материал ретінде де қолданылады.