«Тұрғын үй қалашығының» үйлерін жөндеуге жарты миллиард теңге қаражат бөлінді

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

«Тұрғын үй қалашығының» үйлерін жөндеуге жарты миллиард теңге қаражат бөлінді

«Қазхром» компаниясы Ақтөбе облысының әкімдігі мен ERG арасында жасалған Меморандум аясында Ақтөбе қаласының тарихи ауданындағы 32 үйдің қасбеттері мен шатырларын жаңартуды қаржыландырды. Мұндай қайта жаңғырту жұмыстары 70 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет жасалып тұр.

Топ жетекшілері үйлерді жаңарту жобасын қаржыландыруды Ақтөбе облысының әкімдігі мен ERG арасында жасалатын жыл сайынғы Меморандум шеңберінде қамтуды ұйғарды. Бұл мақсаттарға компания 540 миллион теңге бөлген.

– ERG басшылығы осы ауданды қайта құруды қаржыландыру туралы бастаманы көтерген. Себебі, мұнда кезінде зауыт жұмысшыларына арналған алғашқы тұрғын үйлердің құрылысы да осы ауданнан басталған. Бұл ауданда біздің зауыт қызметкерлері мен ардагерлерінің отбасылары тұрады, - деді «Қазхром»ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов. – Қайырымдылық көрсету механизмі бойынша компания қаражат бөлді. Ал, әкімдік бұл бағдарламаға кіретін үйлерді және мердігерлерді анықтаумен айналысты. «Қазхром» компаниясы өз тарапынан жұмыстың барысын қадағалайды және жөндеудің сапалы жүргізіліп, тұрғындардың тілектері ескерілуін мұқият бақылайды. Биылғы бағдарламаға өтініштері енгізілмеген көрші үйлердің барын да білеміз. Алайда, тізімнің таңдалған соңғы нұсқасымен және оны бекіту ісіне қала әкімдігі жауапты. Келесі жылы біз бұл жұмысты жалғастырамыз және осы мәселеде қала тұрғындарының белсенділігіне үміт артамыз. Болашақта бұл жұмысты одан әрі жалғастыру мүмкіндігін қарастырамыз.

Тұрғын үй қалашығындағы қасбеттер мен шатырларды жөндеу жұмыстары 14 маусымда басталды. Сонымен қоса, 26 үйде қайта құру жүріп жатыр. Жұмысқа 180 адам жұмылдырылған. Бас мердігер, «Baisanat-A» ЖШС мәлімделген көлемді 2021 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтамақ. Қасбеттерді сырлауға таңдалған түс үйлесімділігі ескі қаланың рухын беретін үйлердің тарихи көрінісін сақтауға арналған.

Жергілікті тұрғындар атап өткендей, мұндай қайта құру Тұрғын үй қалашығының тарихында алғаш рет жүріп жатыр.

ERG_3733-min.jpg