Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

Шын жүректен

Балаларды қорғау күні қарсаңында «Қазхром» қызметкерлерінің балаларына арнап онлайн байқау ұйымдастырды. Оған 250-ден астам бүлдіршін қатысты. Мерекелік байқаудың ең қызықты сәті – қазхромдықтардың ұл-қыздарымен бірге басты рөлде ойнап шыққан бейнероликтері.


«Казхромики» байқауы компанияның 25 жылдық мерейтойына арналған #Хочукакпапа жобасының жалғасы. Мерейтой басталған кезде кәсіпорындағы түрлі мамандық иелерінің балаларын бірін металлург, бірін кенші етіп фотоға түсіріп, күнтізбе жасаған болатын. Жоба аталған кәсіптерді өскелең ұрпаққа көрсетіп, жалғастыру мақсатына бағытталған.

Балалар байқауына түрлі видеолар, суреттер ағылып келіп жатты. Бұлардың ішінде маңыздысы – «Косплей» аталымы болды. Мультфильм және кино әлемінің кейіпкерлері: Джокер, Халк, Малифисента, Босс-молокосос, Аватар, тәтті қылықты Маша, ханшайымдар, тіпті сұсты Пеннивайзға дейін айнытпай салған балалардың өнері жетерлік. Қазақтың қос шынары – Әлия мен Мәншүктің образын ашып көрсете білген қатысушылар аталған айналымды нұрландыра түскендей. Балалар ата-аналарының мамандықтарын қанық бояулармен салып, мағынасын ашып, жарқын суреттермен ерекшелендірді. Барлық филиалдарда балалар әке-шешелерімен бірге ән салып, спортпен айналысқан, машинаны, тіпті электр розеткаларын жөндеген керемет отбасылық челлендждерін атап өтуге болады. Байқау қатысушыларының саны – 250.

Бәріне бірдей етіп жасалған тосынсый – компанияның негізгі мамандықтары туралы оқып, сонымен бірге оларды сүйікті түстеріне бояуға болатын суреттерді бояу кітапшасы.

Әртүрлі жастағы жеңімпаздардың барлығы дипломдармен және «Marwin» балалар тауарлары мен кітаптар дүкеніне сертификаттармен марапатталады. Пандемияға байланысты сыйлықтар жеңімпаздарға салтанатты түрде табысталмайды.

Қатысушылар мен жүлделі орындарға арналған сыйлықтар ата-аналарға беріледі.

Мерекенің ең естен кетпес сәті – бейнеролик. Қазхромның 25 жылдығына және балалар күніне арналған әсерлі және көңілді бейнеролик бірнеше сағат ішінде барлық филиалдардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында мыңдаған қаралым жинады. Қайталап қараудан жалықпайтын ролик шынайы түсірілген. «Хочу как папа» жобасы аясындағы түсірілім Қазақстанның төрт қаласында өтті. Бейнероликтің басты кейіпкерлері - компания қызметкерлерінің 25 баласы. Дайындықсыз және жаттанды сөз тіркестерінсіз, балаларға тек шын жүректен және тікелей сұрақтарға жауап берді. Сұраққа шынайы жауап берген балақайлар арқылы кенші тек жер астында жүретін адам ғана емес, шахмат ойнайтын адам екендігін, немесе сұлу болсаң, модель бола алатындығын білдік.

Әрине, балалар «Қазхром» тақырыбындағы өз пікірлерін ашық айта білді. Ата-аналарының қандай жұмыс істейтіндерін жеткізді. Бастысы, өскенде кім болуды армандайтарымен бөлісті.