Қазхром Павлодар өңірінде аллергенді арамшөптермен күресуге бағытталған экологиялық жобаны қолдайды

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

Қазхром Павлодар өңірінде аллергенді арамшөптермен күресуге бағытталған экологиялық жобаны қолдайды

Аллергенді арамшөптермен күресудегі бірегей тәжірибені павлодарлық белсенділер бастады. Дәрігерлердің айтуынша, бұл өсімдіктің тозаңы ең күшті аллерген болып табылады. Жобаға қаржылық қолдауды «Қазхром» ТҰК» АҚ көрсетті.

Жобаның бастамашысы «Берегиня Био» қоғамдық қоры. Студенттер мен мектеп оқушыларымен бірге экологтар зерттеу жұмыстарын Павлодар облысындағы Кенжекөл ауылында бастаған. Пайдасынан зияны көп арамшөптердің бұдан басқа жерлерде де осындай түйткіл бар. Аталған мәселеге Ефремовка, Заря, Мичурино ауылдарының тұрғындары да тап болды. Теңбілгүлдің өміршең тіршілігіндегі қауіптілігі — өсімдік бір ұрықтан 300 мыңға дейін тұқым шығарады және біртіндеп топырақты бұзып, басқа шөптерді жояды.

«Берегиня Био» қоғамдық қорының сарапшысы Татьяна Пономарева Павлодарда арамшөптердің пайда болуы Солтүстік Америкадан, адамдардың тұрақты көші-қоны мен түрлі тауарлардың экспортынан деп түсіндіреді Қазір Кенжекөл ауданындағы бір учаскеде 35 гектардан астам жер теңбілгүлмен егілген.

— Жаз бойы біз олардың санын азайту технологиясын ойластырдық, — деді Татьяна Пономарева. — Үш гектер жерді бес учаскеге бөліп, олардың әрқайсысы өзінің жою әдісін қолданды. Бірі топырақты тазарту, енді бірі қолмен арамшөптерді жұлу, ерте және кеш шабу, гербицидтермен өңдеу және 5 см-ге дейін топырақты алып тастау. Нәтижесінде, соңғы әдіс ең тиімді екені айқын болды.

Павлодардың өзінде де теңбілгүлдердің таралу ошақтары бар. Бұл ересектер тобындағы аллергенді фонды едәуір арттырады. Гүлдену 1 тамызда басталады, бұл аллергия белгілерінің басталуымен толық сәйкес келеді. Осы саладағы зерттеулер үш жыл бойы облыстық балалар ауруханасында жүргізілді.

— Маусым мен қазан айларында біз аллергиясы бар балаларды тексердік, — деді аллерголог Рауза Джекесова. — Олардың 78% -ы жусанға, 58% -ы теңбілгүлге, 53% -ы түрлі шалғынды шөптерге реакция жасады. Көрсеткіштер өте жоғары. Жыл сайын тозаң аллергиясымен ауыратын 200-ден астам жаңа бала тіркеледі. Бұл тек тексеріліп жатқан адамдар ғана.

Павлодарлық белсенділер келесі жылы зерттеу жұмыстарын жалғастырады, бірақ арамшөпті жою мәселесі демеушілердің ғана емес, мемлекеттің қолдауына ие болады деп үміттенеді.

— Біз Павлодарда көптеген адамдар аллергиядан зардап шегетінін білеміз және дереу бұл жобаны қолдауды ұйғардық. Өйткені бұл зерттеулердің біздің қоғам үшін маңызы зор екеніне сенімдіміз. Егер оң нәтиже болса, павлодарлық белсенділердің тәжірибесін осы аллергенді өсімдік таралған басқа аймақтарда да қолдануға болады, — деді «Қазхром» ТҰК» АҚ бас экологы Светлана Мащенко. — Біздің компания қоршаған ортаны қорғау саласындағы алдыңғы қатарлы технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді қолдайды. Біз маңызды экологиялық жобаларды жүзеге асыруға аса үлкен қызығушылық танытамыз, және олардың біздің негізгі жұмысымызға қатысы жоқ. Біз Қазақстанның қоғамдық ұйымдарымен белсенді түрде жұмыс істейміз және бірнеше бағыттар бойынша одан әрі ынтымақтастықты көздейміз.