«Қазхром» кеншілері кәсіби мерекені атап өтті

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

«Қазхром» кеншілері кәсіби мерекені атап өтті

«Қазхром ТҰК» АҚ филиалының Дөң тау-кен байыту комбинатыны Кеншілер күнінде мамандарын салалы және ұжымдық төсбелгілермен марапаттап, қала жұртшылығына үлкен шоу ұйымдастырды.

Кеншілердің кәсіби мерекесінде үздік мамандар марапатталып, қызметкерлердің балаларына шахта маңында экскурсия жүргізіп, кен орнында қонақ қылды. Кәсіпорын барлық қала тұрғындары үшін «All night Кеншілер күні» көлемді шоуын өткізді.

Кеншілерді Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Виктор Тиль мен Хромтау ауданы әкімі Нағымжан Алдияров құттықтады.

— Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! — деді Хромтау ауданының әкімі Нағымжан Алдияров. — Шахтада тек мінезі мықты адамдар ғана жұмыс істей алады. Сіздер Қазақстан экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жүрсіздер. Бүгінгі таңда қаланың үштен бір бөлігін құрайтын Дөң тау-кен байыту комбинатында жеті жарым мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Хромтау ауданы әкімінің алғыс хатымен комбинаттың жеті қызметкері марапатталды. «Қазхром „Трансұлттық компаниясы“ акционерлік қоғамының құрметті жұмысшысы атағына комбинаттың екі қызметкері ие болды. Тағы екі қызметкер ІІ дәрежелі Кенші даңқы», алты қызметкер ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» белгісімен марапатталды.

Комбинат шахталарында әлемдегі ең сапалы кен игеріледі. 1938 жылдан 2018 жылға дейін мұнда 200 миллион тоннадан астам хром кені өндірілді. Алғашқы миллион тонна 1959 жылы өндірілген. Кеншілердің рекордтарының ішінде 1975 жылы Бүкілодақтық оқпанға кіру рекорды — бір ай ішінде 200 метрден астам.

— Кәсіпорын үздіксіз дамып келеді, — деді Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Виктор Тиль. — Көлемдер өсуде, жұмыс жақсаруда. Комбинат ұжымы өзінің еңбекқорлығымен және ұйымшылдығымен танымал, мұнда кеншілердің үшінші буыны жұмыс істейді.

Мереке қала алаңында шоуға ұласты. Ақтөбе қаласы филармониясының әншілері және қазақстандық эстрада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа кеншілер үшін өнер көрсетті. Кеш отшашу және би кешімен аяқталды.