«Қазхром» балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне экотур ұйымдастырды

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

«Қазхром» балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне экотур ұйымдастырды

Қарағанды облысындағы «Таңшолпан» және «Құлыншақ» балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Қазақстанның алғашқы «жасыл ауылы» — Жасыл технологиялар орталығы орналасқан Арнасай ауылына барды. 40 балаға арналған экологиялық турды «Қазхром» компаниясы ұйымдастырды.

«Қазмарганец» кен басқармасының қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін жай қайырымдылық сапарын ғана емес, ғаламшардың ресурстарын сақтау саласындағы «жасыл» технологиялар мен қызықты трендтер туралы жан-жақты баяндалған экологиялық танымдық тур ұйымдастырды. «Арнасай» жасыл технологиялар орталығын пайдалы ақпараттың нағыз қоймасы деуге болады. Астананың маңындағы шағын ауылда тіпті ең кішкентай саяхатшыларға да түсінікті болатын қызықты жобалар шоғырланған. Бұл фитодиодты жылыжай, күн биовегетариі, жабық сумен қамтамасыз ету қондырғысы бар балықтарды өсіру кешені. Орталық 35 инновациялық «жасыл» технологиямен жабдықталған. Бұл — пиролизді жылыту, күн батареялары мен коллекторлар, жарықдиодты және фитодиодты жарықтандыру, энерготиімді сорғылар, күн құдығы, ауа ионизаторы және тағы басқалары.

— Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Арнасай ауылында 2015 жылдан бастап «Арнасай — Қазақстанның жасыл ауылы» атты жоба жүзеге асырылуда. Бұл орынды біздің экологиялық турымыз үшін арнайы таңдап, оған балаларды шақыруды жөн санадық, — деді «Қазмарганец» кен басқармасы экологиялық сарапшысы Әрсен Жүкеев. — Біз жас ұрпақтың бойында кішкентайынан экологиялық мәдениеттің қалыптасуын, олардың табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған жаңа технологиялар жайлы білгенін қалаймыз. Олардың арасында болашақ ғылыми қызметкер немесе экологтар болуы мүмкін.

Арнасайда балаларды «Exspo&Women» халықаралық ұйымы" ЗТБ атқарушы директоры Ләзат Асқарова қарсы алды. Ол орталыққа саяхат жасап, әр технологияға толық тоқталып қана қоймай, балалардың сұрақтарына да жауап берді. Суды үнемдеу және неге электр энергиясын сақтаудың маңыздылығы жайында баяндады.

Экологиялық турдан әсер алғандар болса балалар үйінде кейбір идеяларды жүзеге асыруға ниетті екендіктерін білдірді. Мысалы, он жасар Руслан Сералинов, өсімдік өсіргісі келетінін айтады.

— Өте пайдалы экскурсия, маған барлығы да қызықты болды. Жертөлені жылыжайға айналдырып, онда тіпті балық өсіруге болатынын еш ойламаған едім! — деп әсерімен бөлісті Руслан. — Балалар үйіне келгеннен кейін мен өсімдік өсіріп, оны күтіп-баптаумен айналысқым келеді.

Орталық технологияларымен танысқаннан кейін балалар креативті тимбилдингке қатысты. Экотур бағыты одан әрі астанада жалғасты. Балалар Тәуелсіздік алаңында, ойын-сауық орталықтарында болып, «Бәйтерек» монументіне көтерілді.

— «Қазхром» өз кәсіпорындары табиғатты қорғау іс-шаралары мәселелерімен айналысумен ғана шектелмейді, біз сондай ақ қоғамдық ұйымдармен де өзара әрекет етеміз, жаңа экологиялық көзқарас қалыптастыруға бағытталған жастар мен балаларға арналған жобалар мен іс-шараларды іске асырамыз. Біз болашақ ұрпақтың табиғи ресурстарға ұқыптылықпен және саналы түрде қарауын қалаймыз" — деп атап өтті «Қазхром» ТҰК" АҚ бас экологы Светлана Мащенко.