ERG Ақтөбе облысындағы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға 3,2 млрд теңге бағыттамақ

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

ERG Ақтөбе облысындағы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға 3,2 млрд теңге бағыттамақ

Қаражат Хромтау орталық ауруханасына медициналық жабдық сатып алу мен жас мамандар тарту, жылу желілерін күрделі жөндеу, қаланың сумен қамту және кәріз желілерін жөндеу, Хромтау тау-кен техникалық колледжінің материалдық-техникалық базасын нығайту, Хромтау қаласы мен Дөң кенті аулаларында балалар мен спорттық алаңдарын орнату, Ақтөбеде жеңіл атлетика манежін салу, және т.с.с. әлеуметтік, мәдени және спорттық жобаларға жұмсалмақ.

Тиісті Меморандумға Eurasian Resources Group (ERG) Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары Алдияр Қазтаев пен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қол қойды.

— ERG құрамына кіретін ақтөбелік кəсіпорындардың облыс экономикасын дамытуда маңызы зор. Мемлекет басшысының өңірлерді дамыту бойынша маңызды тапсырмасын жүзеге асыруға сіздердің де белсенді ат салысып жатқандарыңыз қуантады. ERG-нің біздің облысты дамытуға салатын инвестициялары ақтөбеліктер үшін жақсы қолдау болады, — деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Меморандум аясында ERG бөлетін қаражат көлемі 2019 жылы 3,2 млрд теңгеге жетті.

Еуразиялық Топ ERG кәсіпорындары орналасқан моноқалаларда кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізген. Компания қызметкерлері мен осы елді мекен тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі ерекше назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелерді айқындап берді. Осы әлеуметтік зерттеу негізінде ҚР Үкіметі бекіткен аймақтарды дамытудың үш жылдық бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын маңызды әлеуметтік жобалар әзірленіп, оларды жүзеге асыру жолдары ұсынылған. Олар республикалық және жергілікті бюджетпен қатар Eurasian Resources Group тарапынан да қаржыландырылмақ. Бүгін қол қойылған Меморандум да осы әлеуметтік зерттеулер нәтижесі мен үшжылдық бағдарлама негізінде әзірленген.

Қалыптасқан дәстүрге сәйкес қаражат Ақтөбе облысындағы әлеуметтік маңызды жобаларға, аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытуға, оның инфрақұрылымын, соның ішінде Eurasian Resources Group-тің «Туған жер — Родные города» бағдарламасы аясында дамытуды көздейді.

2019 жылы Ақтөбедегі Батыс-2 мөлтек ауданында автокөлік жолдарының құрылысы басталады. Хромтаудың қалалық саябағын күрделі жөндеу жалғасады. Хромтаудағы жаңа «22 квартал» мөлтек ауданын сумен және газ, электр қуатымен қамту, кәріз желілері тартылып, аталған қаладағы автокөлік жолдары жаңғыртылады. Меморандум аясында Хромтау қаласының жолаушылар тасымалына қажетті автобустар мен тұрмыстық қалдықтар шығаратын арнайы көліктер сатып алу да қамтылған.

— NUR OTAN партиясының съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аймақтарды дамыту бүгінгі күннің ең негізгі міндеттерінің бірі деп атап айтты. Еуразиялық Топ құрылғаннан бергі 25 жыл бойы ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерді дамытуға қаражат құюды өз міндеті санап келді. Биыл біз Хромтаудың жаңа бөлігінде жалпы құны 850 млн теңгелік 320 орынды балабақшаның құрылысын бастаймыз. Бұл әлеуметтік маңызды жоба мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі аясында жүзеге асырылады, — деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. — Біз өзіміздің «туған қалаларымыздағы» өмірді жайлы етуге мүмкіндік берген әкімдікке алғыс білдеріміз. Оның үстіне нақты осы өңірде тұратын біздің қызметкерлеріміз тарапынан ұсынылған бастамалар саны да жылдан жылға артып келеді. Осылай ортақ іске күш біріктіре отырып, аймақтың тұрақты әрі кемел келешегін қамтамасыз ете аламыз деген сенімдемін.

Еуразиялық Топ 15 жыл бойы ERG кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қостанай мен Павлодар облысының әкімдіктерімен аймақтағы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру жөнінде Меморандумдар жасасып келеді.

Жалпы алғанда тек соңғы 5 жылда (2014-2018ж) Еуразиялық Топ Қазақстанда қайырымдылық пен демеушілікке 107 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған.