Дөң тау-кен байыту комбинатында форсайт-зерттеу жүргізілді

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

Дөң тау-кен байыту комбинатында форсайт-зерттеу жүргізілді

Хромтау қаласында Қазақстанда өзекті болатын болашақ кәсіптер болжалды. Дөң тау-кен байыту комбинатының сынамалы форсайт-зерттеуінің нәтижелері «Қазақстанның жаңа кәсіптер атласы» ұлттық зерттеу негізіне кіреді.

Дөң тау-кен байыту комбинаты құзіреттілігінің технологиялық форсайты Еуразиялық топ және «Қазхром» ТҰҚ" АҚ филиалы — Дөң тау-кен байыту комбинаты мамандарының басын қосты. Бағдарламаның мақсаты — 5-15 жыл аралық кезеңінде Дөң тау-кен байыту комбинатында анағұрлым болашағы зор кәсіптердің тізбесін әзірлеу.

«Негізгі өндіріс» және «Сервис» бағыттары бойынша бөлінген топ екі күн бойы өндіріс талаптарына, қазіргі заман ақиқатына және Rapid Foresight әдістемесіне негізделе отырып, жаңа кәсіптерді және құзіреттіліктерді болжаудың жаңа құралын жасады. Оларға сарапшылар көмек көрсетті. Іс-шара құзіреттілік орталықтарын құру бойынша сынамалы жобалардың бірі болып табылатын Хромтау тау-кен технологиялық колледжінде өтті.

Жұмыстардың қорытындылары бойынша Дөң тау-кен байыту комбинатының келешегін құрайтын негізгі трендтер анықталды, салада пайда болуы мүмкін болашақ кәсіптер тізбесі әзірленді.

Болашақтың негізгі кәсіптер тізбесінде ‒ IT-диспетчер, роботтандырылған техника операторы, digital-технолог және виртуалды тәлімгер.

‒ Кәсіптер атласының әдістемесі еліміздің барлық тұрғындарына кәсіптердің навигаторын құруға арналған жақсы әдістемелік база бола алады, — деді «BTS Digital» ЖШС білім беру орталығының басшысы Саясат Нұрбек. — Ақыр аяғында біздер еңбек нарығындағы мамандарды қандай дағдылармен «жетілдіру» қажет екендігі туралы түсінік ала аламыз, сонымен қатар оларға озыңқы дайындаманың қол жетімді және қолданбалы құралдарын ұсына аламыз.

Кәсіптердің қайсысы жүзеге асырылатындығы кейін белгілі болады. Алдағы уақытта тек сала үшін анағұрлым перспективті мамандықтар ғана емес, сондай-ақ олар білім ала алатын оқу орындары да таңдалатын болады.

— Жалпы, біз 6-7 негізгі бағыт бөлдік және жақын арада еліміздің барлық тау-кен өндіру саласының болашақ кәсіптері үшін негіз болуы мүмкін Дөң тау-кен байыту комбинатына арналған кәсіптердің атласын әзірлеуді жоспарлаудамыз, — деді жобаның бас координаторы, кәсіпорындардың стратегиялық даму саласындағы сарапшы Олег Мецик. — Осы сынамалы жоба барлық Қазақстан үшін пайдалы және тиімді болады деп үміттенеміз.

Форсайт (ағылшын тілінен foresight ‒ болашаққа қарау) ‒ ғылым, технология, экономика және тағы басқа салада жаңа нәтижелерге қол жеткізу үшін көптеген қатысушылардың басымдылығын және жұмылдыруын қалыптастыру құралы.