Ақсу ферроқорыттпа зауытында жаңадан газ тазарту қондырғысының құрылысы басталды

Жаңалықтар Операциондық нәтижелер

Ақсу ферроқорыттпа зауытында жаңадан газ тазарту қондырғысының құрылысы басталды

Жаңа кешен Ақсу ферроқорытпа зауытының № 44 пешінде құрылатын болады. Ол төртінші балқыту цехындағы барлық газ тазарту жүйесін жаңғыртуды жалғастырады. Бұл жобаға салынған инвестиция көлемі 3 млрд теңгеге жуықтайды.

Жаңа экологиялық нысан зауыттың төртінші балқыту пешіндегі газ тазарту жүйесін жаңғыртуды жалғастырады. 2013 жылдан бастап мұндағы сегіз пештің үшеуіне үш жаңа газ тазарту қондырғысы салынған. Бүгінгі таңда компания тағы үш газ тазарту жүйесін қайта құру жобаларын аяқтады.

«Кәсіпорынның барлық балқыту пештері қажетті тазарту қондырғыларымен жабдықталған. Бірақ, біз оларды біртіндеп тазартудың және жетілдірудің жоғары дәрежелі қазіргі заманғы қондырғыларымен алмастырамыз», — деді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Сергей Прокопьев. — Біз бұл бағытта көп жұмыс атқардық. 2000 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі аралықта зауытта ферроқорытпа пештеріне арналған тоғыз жаңа газ тазарту қондырғысын салды. Нәтижесінде зауыт тек осы істің арқасында ауаға шығарылатын шаң көлемін екі есеге азайтты.

Бүгін № 44 пештің газ тазарту ғимаратында дайындық жұмыстары басталды. Жабдықтар мен металл құрастырылымдары бөлшектелуде. 600 тоннадан астам металл құрылымдары полигоннан шығарылған. Сонымен қоса, мердігер жаңа элементтер мен жинақтарды шығарып жатыр. Фильтр элементтерін пайдалану тәжірибесі толыққан зауыт мамандары чехиялық ZVVZ-Enven Engineering компаниясының озық сүзгілерін таңдады.

«Бұрын дейін тиянақты атқарылған № 41, 45 және 46 пештердің газ тазарту жұмыстары сынды 4320 жең элементтерінің жалпы сүзу алаңы 13 мың шаршы метр», — деді энергия жөндеу цехының басшысы Құмарбек Сейітқазин. — Бір сағатта ол 500 мың текше метр газ-ауа қоспасын өңдеп, жылына 35 мың тоннадан астам шаң жинай алады. Жалпы тазалық тиімділігі 99,4%

Құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. № 44 пештің газ тазарту қондырғысын толығымен жаңарту 2020 жылдың көктеміне жоспарланған.