Ақтөбедегі дуатлоннан жарыстар

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

Ақтөбедегі дуатлоннан жарыстар

Ақтөбеде алғаш рет металлург күніне орай «Kazchrome-DUATHLON 2019» жарысы өтті. Компания қызметкерлері Еуразиялық Топтың 25 жылдығына арнап 25 шақырым жолды бағындырды. Қалалық компаниялар да «Қазхромнан» эстафетаны қабылдай отырып, «Эстафета-корпорацияға» қатысу үшін бастау сәтіне келді, сонымен қоса, металлургтерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Евгений Гончаров басқаратын қалалық спорт бөлімінің қолдауымен, Триатлон федерациясының жетекшісі Мирлан Мұхамбетовпен (Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның басшысы), Серік Дөңбекбаев («Қазхром» ТҰК» АҚ қаржылық мәселелер жөніндегі вице-президенті) және іс жүзінде «Қазхромның» өзінің қолдауымен спортшыларға қызықты шараға қатысып, күш-жігерлерін сынап көруге және жеңіске жетуге мүмкіндіктер туды.

Желаяқтар мен велошабандоздарға қала әкімі Мавр Абдуллин, компания президенті Арман Есенжулов және Ақтөбе ферроқорытпа зауытының басшысы Жалғас Мұсабеков қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі.

Арман Есенжулов
Арман Есенжулов «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті

Сіздердің біздің жарысқа қатысқалы тұрғандарыңызға қуаныштымын. Біз металлургтердің кәсіби мерекесін осы жарыспен әрі қарай жалғастыруды жөн санадық. Бүгін жиналғандардың саны да мол. Барлық қатысушыларды көргеніме дән ризамын. Ешқандай жарақатсыз сәтті жарыс, жеңіл бастамалар тілеймін.

«Kazchrome-DUATHLON 2019» жүгіру эстафетасы Ақтөбе қаласының 150 жылдығы мен ERG-дің 25 жылдығына арналды. Спортшылар 25 шақырымды кесіп өтті: алдымен 2,5 шақырымға жүгіріп бастаса, одан соң 20 шақырым — веложарыс, және қашықтықты тағы да 2,5 шақырым жүгірумен аяқтады. Қатысушылар жүгіру және велоспорт бойынша жеке, ашық және командалық біріншілікте ең үздік атану үшін сынға түскен еді.

«Қазхром» ТҰК» АҚ тек ұйымдастырушы-серіктес ғана болмады, компаниядан ең жақсы нәтиже көрсеткен спортшылар да болды.

«KӨL Авто», Еуразиялық банк, облыстық әкімшілік, «Central Group» компаниясы және «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасы. «Қазхром-Дуатлонда» барлығы 180 қатысушы жиналды. Көбісі бұл шараға жеңіс үшін, сыйлықтар немесе медальдар үшін емес, металлургтерге қолдау көрсетіп, құттықтау үшін қатысып, төбе көрсетті.

Мавр Абдуллин
Мавр Абдуллин қала әкімі

Қала тұрғындары атынан сіздерді металлург күнімен құттықтаймын. Біз мұндай ірі шараларды әркез қолдаймыз және бұл алдағы уақытта қаламыздың үрдісіне айналады деп үміттенеміз. Ал спорт әрбір ақтөбеліктің өмірінде өзіндік орын алады.

«Қазхром» ТҰК» АҚ тамаша нәтижелер көрсете білді — бірінші және үшінші орындар Ақтөбе зауытының командасына бұйырды. Екінші орынды — Дөң тау-кен байыту комбинаты еншіледі. Қалған жарыс қатысушылары келесі жылы дайындықты күшейтіп, «қазхромдықтарды» кез-келген қашықтықта басып озатындарын жеткізді.