Ақтөбе облысының әкімі ферроқорытпа өндірісіндегі пешті қыздыра бастау рәсіміне қатысты

Жаңалықтар Операциондық нәтижелер

Ақтөбе облысының әкімі ферроқорытпа өндірісіндегі пешті қыздыра бастау рәсіміне қатысты

«Қазхром»ТҰК» АҚ мамандары өз күштерімен бірегей күрделі жөндеу жұмыстарын бастаған болатын. Нәтижесінде Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы пештің пештің өндіріс қарқыны ұлғайған. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин кәсіпорынға сапары барысында жабдықты қыздыру ісін өзі бастап берді. 
  
Елдегі төтенше жағдай кезінде «Қазхром» мамандары қысқа мерзімде № 4 балқыту цехының №43 пешіне жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп шықты. Бұл феррохром өндіруде көңіл қуантарлық көрсеткіштерге жетуге сеп болмақ. Бастапқыда маңызды жоба Ресей мен ОАР мердігер компанияларына сеніп тапсырылымақ еді. Алайда, COVID-19 пандемиясына байланысты мердігер компания жұмысты бастай алмайтындығын жеткізді. 

– Бұрын-соңды Ақтөбе ферроқорытпа зауытында мұндай  ауқымды жұмыстарды өз күшімізбен орындап көрмедік, – деді «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов.  – Бірақ төтенше жағдай шарттарына сәйкес, бізге өзгеше сын болды. Бастапқыда, біз белгілеген мерзімге ешкім сенбеді. Жұмысты орындау үшін біз бұрын осындай тәжірибе жинақтаған Ақсу қаласындағы филиалымыздан жөндеу қызметі мамандарын алдырттық. Өңір басшысының қолдауымен арқасында олар Ақтөбеге өтетін блок-бекеттерден еш кедергісіз өтті. Бұл бізге маңызды жобаны уақытында жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Пешті бөлшектеу мен монтаждауға Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттарынан жөндеу қызметінің бас-аяғы 138 маманы жұмылдырылды. Ал қаптамаға «Азия Огнеупор» ЖШС мамандары шақырылды. Нәтижесінде, жөндеу жұмыстарын әлемдік компанияның талап еткен мерзімінен бұрын, яғни 65 тәулікке жоспарланған жұмыстарды 54 тәулікте аяқтап шықты.  Жоба құны 7 млрд. теңгеден асады.   
 
– Бұл жөндеу жұмысы компания тарихында қалатындай негіз бар. Біріншіден, біз жұмыстың барлық кезеңдерін тиісті уақытында жасай алдық, - деді «Қазхром»ТҰК» АҚ техникалық қызмет көрсету және жөндеу басшысының міндетін атқарушы Константин Семеренко. – Екіншіден, ерекше технологияны қолдандық. Әлемдік тәжірибеде бөлшектеу жоғарыдан басталады, қаптаманы жоғарыдан төменге қарай босатады. №43 пеште олар қосарлы әдісті қолдануды ұйғарып, жұмысты жоғарыдан және төменнен қатар жүргізді. Бұл үшін Ақтөбеде Ақсу қаласынан жеткізілген экскаваторлар жұмыс істейтін арнайы аспалы алаң қолданылды. Пештің қаптамасында және қабырға қаптамасының жұмыстары  қатар жүріп отырды. Бұл әдісті жүзеге асыруға «Азия Огнеупор» мамандары көмектесті. Барлық жұмыстар өнеркәсіп қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілді.  

Бүгінгі таңда зауытта жұмыстың келесі кезеңі – американдық «Hotwork» компаниясы жүзеге асыратын пешті қыздыруды басталды. Мамандар Ақтөбеге қазіргі карантинге қатысты барлық қажетті рәсімдерден өтіп, арнайы рұқсатпен келді. Жоспар бойынша қыздыру 28 күнге созылады.
Жөндеу уақытын оңтайландыруға байланысты кәсіпорында қосымша шамамен 2 мың тонна феррохром өндіріледі. 
   
– Бүгінде пандемияның салдарынан туындаған күрделі жағдайда біздің компания тұрақты жұмыс істеуді және осындай маңызды жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда, - деді зауыт директоры Жалғасбай Мұсабеков. – № 43 пештегі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде агрегат біртіндеп жобалық қуатына шықпақ. Барлық компания үшін ауқымды және маңызды жоба біздің мамандардың мол тәжірибесінің, және топтық жұмыстың тиімділігін арттырудың арқасында жүзеге асырылды. 

Анықтама үшін: Кенді қалпына келтірер доғалы тұрақты тоқ пеші. Пеш агрегатының қуаты 72 МВт. Пайдалануға беру мерзімі - 2015 жылдың қаңтары. Өнім - жоғары көміртекті феррохром. № 43 пештің өндіріс көлемі (және орташа жылдық қуаты): 2019 – 69 156 тонна (40,7 МВт), 2020 –  71 979 тонна (53,1 МВт)