Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жаңа арнайы техникалармен нығайтып жатыр
Жаңа жүктиегіштер кәсіпорын алаңдарында, сондай-ақ шағылтас өткізу бағытында пайдаланылады. Техника шикізат пен дайын өнімді тиеуде, қойма қорларын қалыптастыруда, автомобиль көлігі мен теміржол вагондарын жүктеуде қолданылады. Ол ауысымдық тапсырмаларды орындау уақытын қысқартуға, жоспарсыз тоқтап қалу тәуекелдерін төмендетуге, экипаждар арасындағы жүктемені қайта бөлуге, ауыр және сусымалы материалдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.
Зауытқа жеткізілген автогрейдер кәсіпорынның жол желісі мен өндірістік алаңдарын сапалы күйде ұстауды қамтамасыз етеді. Кіреберіс жолдарды уақытылы тегістеп, қызмет көрсету әсіресе логистикаға жүктеме артқан қысқы және аралық маусымда өте маңызды. Грейдерді пайдалану зауыт аумағында тегіс және қауіпсіз жабынды сақтауға және ауыр жүк тасушы көліктің тұрақты қозғалысын қамтамасыз етуге септеседі.
– Жүргізушілер үшін еңбек жағдайының жақсарғандығын айнала жақсы көрінетін заманауи кабина, климат-бақылау, эргономикалық басқаруарды айтуға болады, – деді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Ержан Абдулабеков. – Бұл ауысым ішінде шаршаудың төмендеуіне және операцияларды орындау кезінде шоғырланудың артуына тікелей әсер етеді.
Техниканы жаңарту – жай ғана сатып алу емес, жүйелі шешім. Ол шикізатты қабылдаудан бастап дайын өнімді жөнелтуге дейінгі барлық логистикалық тізбекті нығайтады. Жұмыс істеу жылдамдығының артуы, өндірістік тәуекелдердің төмендеуі және қызметкерлер үшін ыңғайлы жағдайларды құру кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді.