Ақтөбе ферроқорытпа зауыты электр энергиясын өндіруге арналған жаңа жабдықты шығарады

Жаңалықтар Операциондық нәтижелер

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты электр энергиясын өндіруге арналған жаңа жабдықты шығарады

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының электр станциясында сағатына қосымша 3000 киловатт қуат өндіретін жабдық іске қосылды. Ол бу турбинасынан шығатын бумен жылуды қалпына келтіруге арналған жаңа қондырғы. Жабдықтар бір ай жұмыс істегеннен кейін бұл жоба сатып алынған электр энергиясының құнын үнемдеуге мүмкіндік бермек.

Жаңа қондырғының екі газды жылу алмастырғышы буды конденсациялауға септеседі. Нәтижесінде қосымша электр қуаты өндіріледі. Осы жобаның арқасында Ақтөбе ферроқорытпа зауытында меншікті электр қуатымен қамтамасыз ету 39%-ға дейін өсті. Электр энергиясының құны шығындардың негізгі себептерінің бірі болғандықтан, қосымша қуат энергия сыйымдылығының төмендеуіне әсер етеді және сатып алынған электр энергиясының шығынын азайтады.

– Экономикалық тиімділіктен бөлек, электр энергиясын тұтынудың төмендеуі – кәсіпорынның энергетикалық тәуелсіздігін арттырады, - деді энергетика менеджері Борис Шевченко.

Жылу және пайдаланылған бу шығару қондырғысын жобалау идеясы 2012 жылы пайда болды. Алайда, идея ұзақ уақыт жоба күйінде қалды. «Қазхром» мен зауыттың жаңа топ-менеджменті кәсіпорынның даму стратегиясын қайта қарады. Мамандарға жылу және пайдаланылған бу шығару қондырғысын жобалау идеясын мүмкіндігінше  қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. 

Содан соң барып, барлық есептеулер мен келісімдер, жұмыс жобасы дайын болды.Жаңа қондырғы орнатылатын орын анықталып, іргетес  дайындалды. Коронавирус пандемиясы қажетті материалдарды жеткізуге кедергі келтірді. Бірақ мамандар одан шығудың жолын тапты және оларды Ақсу ферроқорытпа зауытынан жеткізу арқылы бірнеше позицияны тез жауып алды.

Электр станциясының бу турбинасы 2002 жылы салынған. Жұмыс барысында сыртқы факторлардың әсерінен оған жүктемені азайтуға тура келді. Жаңа қондырғы буды конденсациялауға септеседі, соның арқасында сағатына қосымша 3 МВт қуат өндіріледі. Сонымен қатар, жобаның экологиялық аспектісі бар, өйткені электр станциясынан алынған су ағып кетпейді,  циклге қайта оралады.

Мамандар жылу және пайдаланылған бу шығару қондырғысын жылдың алты айы: сәуір мен қыркүйек аралығында жұмыс істейді деп күтуде.