Ақтөбе ферроқортыпа зауытында жаңадан вагонжіпсіткіш іске қосылды

Жаңалықтар Операциондық нәтижелер

Ақтөбе ферроқортыпа зауытында жаңадан вагонжіпсіткіш іске қосылды

Жаң жабдық аязда қатып қалған кенді жылдам түсіруге сеп. Жаңа вагонжіпсіткіш іске қосылғаннан кейін мамандар тәулігіне 60 вагонға дейін түсіріп жүр.

Вагон түсіргіштің шикізат түсіру сараптамасынан кейін №4 балқыту пешіне қыс мезгілінде жабық түрдегі бес және он вагонға дейін вагон жібіту қондырғысын орнату ұйғарылған. Содан зауыт аймағына екі вагон еріткішті қойылды.

- Қысқы уақытта түсіре алатын вагондар саны азайып кетті. Алдымен, бізге жүк немесе ірі кесектермен түсіріліп, олар бункер торы арқылы өтпегендіктен немесе мүлдем түсірілмегендіктен қатып қалған шикізат келіп түседі. Яғни жартылай вагонда шикізат  үлкен бір бөлік болып, қатып қалған, - дейді №4 балқыту цехының шихта дайындау бөлімшесінің шебері Серік Хусаинов.

Вагон ертікіштің барлық периметрі бойынша орналасқан ашық және қараңғы спектрлі газды инфрақызыл сәуле шығарғыштар шихта материалдары бар жартылай вагондарды қыздырады.

Қондырғы жібітілетін жүкке жылуды берудің сәулелік тәсілін пайдаланады. Жүйе жоғарғы, бүйірлік, төменгі қыздырудан, сондай-ақ газ құбыры желілерінен, пневмо-таратудан, бақылау жүйесінен тұрады.
- Оператор бейнебақылау жүйесі арқылы жүктеу және жұмыс процесін бақылау мүмкіндігіне ие қыздыру режимін таңдайды. Вагондардың еріту процесі жылдың суық мезгілдерінде  ғана жүреді - бұл қарашадан наурыз айына дейін,-деп түсіндірді №4 балқыту цехының жұмысын жақсарту жөніндегі жобаның инженер-жылу энергетигі Наталья Ким.

Енді хром кені 4 сағат ішінде қызатын болады. Мұндай ұстаудан кейін түсіру кезінде жартылай вагондардың қабырғаларында жабысқақ материал қалып қоймайтыны, қатып қалған кесектер жоқ екені көрінеді. Мұның бәрі, әрине, шихта дайындау бөлімі қызметкерлерінің қол еңбегін жеңілдетеді. Вагондардың тоқтап тұруы айтарлықтай азайды