Ақсу Металлургтер саябақта ағаш отырғызды

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

Ақсу Металлургтер саябақта ағаш отырғызды

«Қазхром ТҰК» АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері отбасыларымен бірлесіп, қалалық саябақта 100 пирамидалы терек ағашын отырғызды.

Жасыл қорды жаңарту Ақсу ферроқорытпа зауытының табиғатты қорғау бағдарламасы тармақтарының бірі саналады. Еуразиялық Топтың «Ағаш отырғыз» корпоративтік жобасы тек кәсіпорын аумағымен ғана шектеліп қалмай, қалалық саябақтарда да өз жалғасын табуда.

— Бұл — зауыт қызметкерлерінің сүйікті акциясы, — деп атап өтті кәсіпорын директоры Сергей Прокопьев. — Біз үшін әлеуметтік жауапкершілік мәселесі басымдыққа ие. Осылайша, тұрақты түрде ағаш отырғызу арқылы, «жасыл экономиканы» дамытуға өзіндік үлесімізіді қосып келеміз.

Тек соңғы бес жылда Ақсу металлургтері қала ішінде бес жүзден астам қайың отырғызды. Сондай-ақ олар өз әлеуметтік нысандарын және кәсіпорынның айналасындағы санитарлық-қорғау аймағын көгалдандыруда. Қызметкерлер бұл іске өз балаларын да тартады. Айталық, саябақта өткен акцияға зауыттықтар отбасыларымен бірге келді.

— Бұған дейін қатыса алмай келдім, енді міне, немерем өсіп, бұл мүмкіндікті жіберіп алмау керек деп шештік, — дейді экономист Наталья Ташмурзина. — Өз туған қаламызда ағаш отырғызып, кейінгілерге із қалдыру — өте керемет іс! Біз табиғатты, қаламызды жақсы көреміз және біздің балаларымыздың таза ауамен дем алу мүмкіндігі болғанын қалаймыз.

— Бұл өте жақсы іс-шара. Ол тек естелік қана қалдырмай, барлығымызды біріктіретін игі іс, — деп әріптесін қолдады электргаздәнекерші Дулат Оспанов.

Шағын әрі таза Ақсу Қазақстанның ең үздік моноқалаларының бірі болып саналады. Бұл сондай- ақ оны көгалдандыруға күш салып, өз қалаларын жасыл оазиске айналдыруды армандайтын тұрғындардың да үлесі. Ақсу ферроқорытпа кәсіпорнының кешенді экологиялық бағдарламасы бұл ықыласты табысты жүзеге асыруға көмектеседі. Зауыт қызметкерлері ағаштарды отырғызып қана қоймай, алдағы уақытта оларды күтіп-баптап отыруға уәде берді.