Ақсу ферроқорытпа зауытының газ тазарту сүзгілері алмастырылып жатыр

Жаңалықтар Операциондық нәтижелер

Ақсу ферроқорытпа зауытының газ тазарту сүзгілері алмастырылып жатыр

Алдымен балқыту цехындағы №15 пештің шаңы мен газын тазарту қондырғысындағы жеңдік сүзгілер алмастырылды. Жазда осыған ұқсас жабдық тағы екі пеште, сондай-ақ агломерат цехында жаңартылады. Бұл мақсатқа шамамен 50 миллион теңге бөлінді.

Жеңдік сүзгілерді уақытылы ауыстыру кәсіпорынның қолданыстағы шаң жинайтын жүйелерінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жыл сайын сүзгілер 20 мың тоннадан астам шаңды ұстап қоршаған ортаға таратпай, қармап қалады. Жұмыс жоспарлы. Сүзгілер пештерді профилактикалық жөндеу кезінде ауыстырылады. №15 пештің газ тазарту қондырғысында жалпы ауданы 25 мың шаршы метрлік 2880 сүзгі ауыстырылды. Жабдық сенімді орнатылған және сынақтан өткен.

– №1 цехтың газ сорғыш қондырғыларында біз төрт жыл сайын жеңдік сүзгілерді ауыстырып отырамыз, - дейді энергия жөндеу цехы аспирация учаскесінің басшысы Мұрат Қабдуллин. Себебі, бес жыл тым ұзақ, ал үш жыл керісінше, тым жиі. Сол себепті төрт жыл ең тиімді кезең саналады. – Осы уақытта сүзгі тиімділігі кем дегенде 99%. Бұл жаңа сүзгі элементі көрсеткішінің оннан бір бөлігіне азаяды. Жеңдік сүзгілерді пайдалану - бұл еуропалық стандарттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін ең жақсы технология.

Кәсіпорынның газ тазарту жүйелерін үнемі қадағалап отыратын және энергия жөндеу цехы мамандары кәсіпорынның аймақтың экологиясына әсерін азайтуға кепілдік беретін жоғары жауапкершілікті әрдайым есте ұстайды. Бүгін олар № 16 пештің іргелес газ тазарту қондырғысында жеңдік сүзгілерді ауыстыруға дайындалып жатыр. Біраз уақыттан кейін төртінші балқыту цехындағы №41 пеш жүйесінің 4356 сүзгі элементтері жаңартылады. Бұл жұмыстарды жаздың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.