Ақсу ферроқорытпа зауытының автотехника паркі толықты

Жаңалықтар Операциондық нәтижелер

Ақсу ферроқорытпа зауытының автотехника паркі толықты

Кәсіпорынға келген заманауи көлік металлургтердің жұмысын барынша тиімді әрі жайлы етумен бірге жөндеу процесін де жеделдетеді.

Зауыттың жөндеу-құрылыс цехына келген мобильді итальяндық кран кез келген жөндеуге, соның ішінде пештерді күрделі жөндеу кезінде таптырмас көмекші. 
- Қондырғы қуатты техниканы пайдалану қиындық келтіретін жағдайда қолдану үшін арнайы жобаланған, - деп атап өтті жөндеу-құрылыс цехы бастығының көмекшісі Владимир Рихард. – Пеш ваннасын салу кезінде қаптаушы элементтерді тапсыру мерзімін едәуір қысқартып, жалпы күрделі жөндеу мерзімін азайтуы тиіс. 

Жаңа жалғастырғыш кран 7,5 тонна жүкті көтере алады. Кран жебенің жұмыс құлашы шамамен 18 метр. Қажет болған жағдайда, ілмек блогын шешіп, биіктікке арналған кабинамен жабдықтауға да болады.  Ол қашықтан басқару пультінің көмегімен жеңіл басқарылады. 

Жаңа Shacman самосвалы да жеңіл басқарылады.  Барлығы бес техника пайдалануға беріліп,  қожды қайта өңдеу кешендерінде жұқмысқа кірісіп те кетті. Зауыт жүргізушілерінің айтуынша, онымен жұмыс істеу ыңғайлы, жайлы - эргономикалы кабина,  отырғышы жылытылады,  аударылу кезінде сақтайтын пайдаланылған газдардың катализаторлары және жүйелер – осының барлығы жұмысты ыңғайлы, ең бастысы – қауіпсіз етеді. 

Ал Liugong 856H жүк тиегіштері кәсіпорында әзірге жұмысқа кіріспеді. Мұндай техника қож үйінділерінде жұмыс істеу үшін алғаш рет әкелінген. 
- Бұл жаңа жүк тиегіштерді сынама түрінде сатып алдық, - деп атап өтті ауыр техниканы пайдалану жөніндегі маман Ерсен Нұртазинов. – Бірақ біз бірқатар артықшылықтарды көріп отырмыз, соның ішінде жұмыс аймағының жоғары деңгейде көрінуін атап өткен жөн.