Ақсу ферроқорытпа зауытында электрмонтерлерге арналған жаңа практикалық тренажер орнатылды

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

Ақсу ферроқорытпа зауытында электрмонтерлерге арналған жаңа практикалық тренажер орнатылды

Ақсу ферроқорытпа зауытында, ERG Кәсіби біліктілікті тану орталығында электр монтерлерге арналған оқу тренажерін іске қосуға дайындық аяқталуда. Жоба Топ мамандарына жоғары тәуекелдерсіз нақты дағдыларға барынша жақын жағдайларда практикалық дағдыларды пысықтауға мүмкіндік береді.

Бастама Қазхромның ғылыми-техникалық конференциясында ұсынылды. АқсФЗ сенімділік бөлімінің инженерлері Артем Кузнецов пен Игорь Плотников полигон идеясын персоналдың біліктілігі мен қауіпсіздігін арттырудың тиімді құралы ретінде таныстырды. Жоба басшылықтың қолдауына ие болды және оны КБТО және зауыт бөлімшелерінің мамандары бірлесіп жүзеге асырды.

Жаңа оқу кешенінде заманауи қолданыстағы жабдықтар орнатылған. Мұнда  имитациялық сигналдарда элементтерді қосу және өшіру, оларды диагностикалау және штаттан тыс жағдайларда әрекет ету үшін қауіпсіз жұмыс жасаға болады.

Жаңа формат электрмен жабдықтау сапасы мен өндірістің сенімділігін арттыра отырып, процестің максималды қауіпсіздігіне кепілдік бере отырып, компанияның электр монтерлерін даярлауды заманауи, тәжірибеге бағытталған деңгейге шығарады.