Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

«Қазхромның» экожасағы

Азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мен оны аялауға баулуға бағытталған жыл сайынғы «Таза жағалау» акциясына Дөң тау-кен байыту комбинатының экологтары да қатысты. Бастамашыларға кәсіпорынның қоршаған ортаны қорғау бөлімі экологиялық менеджмент жүйесі бойынша белсенді қолдау көрсеткен.

Жағажайға демала барғандардың артынан қаптаған қоқыс шығатын еді. Пандемияға байланысты жағалауларда демалушылар аз болғандықтан ба, бұл жолы қоқыс толған қаптар саны аз.

Екі сағатта 25 белсенді эколог жағалау бойын мұңтаздай етіп тазалады. Жағажай маңында қоқыс жинау шарасы бір сарында өтпесі үшін ұйымдастырушылар сол сәтте-ақ қызықты шағын ойын өткізіп, уақыттың қалай тез өте шыққаны байқалмай қалды. Яғни, бұл ортақ іске кімнің қосар үлесі көп боларын анықтады. Тартыс пен жарыс – ең жылдамды анықтады.

– Қоршаған ортаны қорғак күніне орай өткізілетін «Таза жағалау» акциясын Дөң-тау кен байыту комбинатының экологтары оныншы жыл қатарынан өткізіп отыр, - деді ксәпорынның қоршаған ортаны қорғау қызметінің басшысы Ирина Морозова. – Ауа райы да бізге қарасып тұрғандай. Барлығы келісті өтті. Биылғы жылы аз мөлшерде қоқыс шығарғанымыз көңіл қуантады. Адамдардың демалыс орындарына табиғатқа құрметпен қарап, біздердің іс-шараларымызға мән бере бастағандарын байқауға болады.

– Жеке өзім жыл сайын экологиялық акциялардан қалмай қатысуға тырысамын. Комбинат жастарымен, эколог мамандармен бірлесіп, ластанған аймақтарды тазалап шығамыз, - деді №1 ұсатып – байыту фабрикасының өндіріс инженері Абай Бертаков. – Байқағаным, осы жолы біз тек бір арба ғана қоқыс шығардық. Бұрындары демалуға келгендердің артында қаптаған қалдық жататын. Адамдардың жыл сайын экологияға немқұрайлы қарамай, тазалыққа мән беріп келе жатқаны көрінеді. Еңбек аптасын «Таза жағажай» акциясымен бастағанымыз өзіміз үшін де пайдалы болды.

Барлық қоқыс жиналғаннан кейін ұйымдастырушылар байқаудың қорытындысын шығарды. Жеңімпаз атанған – төрт толы қап жинаған кен байыту және кесектеу фабрикасының өндіріспен қамтамасыз ету инженері Гүлнұр Сарина. Оған экологиялық шыныаяқ сыға тартылды.