«Қазхромда» Шахтерлер күні аталып өтті

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

«Қазхромда» Шахтерлер күні аталып өтті

Кеншілер қаласында кәсіби мереке қарсаңында алып шахтер пайда болды. Шахтердің жиынтық бейнесі кеншілер тұрып жатырған бес қабатты үйдің қабырғасына салынды.

Шахтердің жиынтық бейнесін ақтөбелік суретшілер салды. Олар – көптеген қазақстандық муралдардың авторлары Аманжол Абылайхан мен Ақмарал Жамановтар. Қабырғадағы бұл сурет қаланың тағы бір символына айналғандай. Қалада бұрын -соңды мұндай үлкен көше граффити болған емес.

Шахтер бейнесі Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері тұрып жатырған бес қабатты үйдің қабырғасына салынды. Муралдың биіктігі 13 метрден асады. Кескіндеменің осы түріне маманданған шеберлер бірнеше күн арнады

– Суретті біз тұрып жатқан үйдің қабырғасына салды, - дейді Дөң тау-кен байыту комбинаты Қазақстан Тәуелсіздігінің он жылдығы атындағы шахтасының учаске басшысы Руслан Тасимов. – Суреттің мағынасы терең. Бұл – қаламыздағы ең басты мамандықтардың бірі. Балаларым әкелерінің кім болып жұмыс істейтінін түсінді, шахтер бейнесінің қандай болатынын көрді.

Сондай-ақ, кәсіпорында Дөң тау-кен байыту комбинатының өндірістік көрсеткіштер бойынша үш бригада ұжымы марапатталды.

– Олар: Ерлан Битанов, Мырзабай Жаукаров және Шакрат Байсеркешовтің командалары, - деді Дөң тау-кен байыту комбинаты Азамат Бектібаев. – Компания осы секілді жұмысшыларымен мақтана алады. Олар күн сайын өз жұмыстарын абыроймен атқарып, қазіргі қиын кезеңде бір-біріне қолдау көрсетіп келе жатыр. Біз қазір пандемияға байланысты, жақындар мен туыстардың сырқаттануларына байланысты стрестік жағдайлар барын білеміз. Осы факторларға қарамастан, жігіттер жәй ғана жұмыс істеп қоймады. Олар өндірістік көрсеткіштерді орындауда техниқалық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, нәтиже беру үшін еңбек етті.

Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры кеншілермен жұмыс басында сөйлесу үшін және ақшалай сыйлықтарын табыстауға шахталарға түсті.

«Молодежная» шахтасында сертификатты ұңғыма жұмыстарында ең жоғары көрсеткіш көрсеткен Шакрат Байсеркешовтің бригадасы иеленді. Оның командасы шахтада жаңа астыңғы қабатты желдетуді қамтамасыз ететін ең күрделі және маңызды жұмыстардың бірі желдету-жүріс өрлемесінің құрылысымен айналысуда.

–Өзіме де, бригаданың жігіттеріне де директордың мұндай қолдауы мен сенімі әсерлі болды, - деді білікті ұңғымашы-бригадир Шакрат Байсеркешов. – Сенімдеріңізге рақмет.

Одан бөлек, кәсіпорын жетекшілері өздерінің тәлімгерлеріне барып, сол кездегі үйренушілерінің бүгінде ұстаздарынан озған шәкірт екендерін көрсетті. 15 тәлімгерге жеміс-жидекке толы себет тарту етіліп, алғыс хаттармен марапаттады. Ал 46 қызметкер салалық марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.