"Қазхромда" өндірістің бірегей мектебі жұмыс істейді

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

"Қазхромда" өндірістің бірегей мектебі жұмыс істейді

Шеберлер мектебі - кадрлар резервін оқыту бағдарламасы. Біраз жылдан бері бұл жоба мамандарды оқытудың бірегей алаңы. Бұған оны тәмамдағандардың табысты қызмет жолы дәлел. Биыл оқуға компанияның топ менеджменті қатысты.

2020 жылы барлық филиалдан 198 қызметкерді оқыту жоспарланған. Бір апталық  бағдарлама: еңбек кодексінен бастап өндірістің экономикасын нормалау және арнайы техника жайын түгел қамтиды. Оқудың толық бір күні басқару психологиясы мен көшбасшылықты дамытуға арналған.

- Мектеп бағдарламасының маңызы - шеберлердің, жұмыс процесін тікелей басқаратын адамның, оның ішінде басқарушының да, өндіріс қызметкерінің де, өз қызметкерлері үшін коммуникатордың негізгі лауазымы үшін резерв құр", - деді оқыту және дамыту бөлімінің бастығы Василий Чепурной. - Бұл - менеджмент құрудың негізгі жолы.  

- Шынында бізде шеберлер жұмысшылар қатарынан шығады - ол жоғары білімді адам болғанымен, бірақ белгілі бір салаға маманданған адамдар болады, - деді шеберлер мектебінің түлегі, бүгінде Ақсу ферроқорытпа зауытының №1 балқыту пеші басшысының орынбасары қызметіндегі Денис Узлов. - Шеберлерге менеджменттің негізін білу керек, әрі цехтың экономикасынан және еңбек кодексін де білгені жөн. Ал бұның барлығы біздің "мектепте" оқытылады.

Мектеп біліміңізді жетілдіріп, өзіңізді шыңдауға септеседі. Сөйтіп, өндірісте өрлеуіңізге мүмкіндік береді. Анығын айтсақ, зауыт немесе цехта жүріп, кеңсеге ауысуыңыз мүмкін.

Биыл "Қазхром" филиалдарында кадрлар резервін даярлау бағдарламасы екі жаңа модульмен толықты. Шеберлерге қосымша күнделікті есеп пен жабдықтың тиімділігін айқындаудағы тың тәсілдерді үйретеді. Екі модульді "Қазхромның" өндіріс жөніндегі вице-президенті Исак Бейтендах жүргізбек.

Бұдан бөлек, бағдарламаның бір сағаты Топтың дамудағы стратегиялық бастамасы -  SAP-қа арналады. Мұны "BTS" ЖШС сервистік орталығының мамандары түсіндірмек.

Жұмысқа енді орналасып жатқан, бір лауазымнан екіншісіне қызмет ауыстырып жатқан  немесе кадрлар резервінде тұрған адамдар алдымен SAP-пен танысады.

Кадрлар резервімен жұмыста ең ауқымды және тиімді бағыттардың бірі - қызметкерлерді бағалау. Қазірдің өзінде олар басқару компаниясы ұсынған мобильді тәсіл - онлайн-тестілеуді пайдалануға көшкен. Тестілеу әдісі буынды және функционалды персоналды таңдауға бағытталған. Тестің бір жарым сағаты қызметкердің толық "кәсіби портретін" сипаттап береді. Сөйтіп, әр маман жұмысындағы мықты тұстар мен жетілдіруді қажет ететін сәттерді танытады.  Ең бастысы - онымен жұмысты қалай жүргізу керектігін білу.

- Адамның өзінің кәсіби біліктілігін анық түсіне алады. Ал компания осы маманның білімі мен тәжірибесін қайда пайдалану тиімді екенін аңғарады, - дейді қызметкерлерді дамыту жөнінде менеджер Оксана Кравченко.  - Мүмкін ол өз қызметінің биігіне жетіп, енді келесі кезеңге қарай қадам басуға кез келген болар.

Бүгінгі күні 200-ден ас адам тестілеуден өтті.