«Қазхром» ойын алаңдарының құрылысына 156 миллион теңге қаражат бөлді

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

«Қазхром» ойын алаңдарының құрылысына 156 миллион теңге қаражат бөлді

Ақтөбе өңірінде Eurasian Resources Group (ERG) пен Ақтөбе облысының әкімдігі арасында жасалған әлеуметтік маңызы бар жобалар туралы Меморандум аясында 15 жаңа спорттық-ойын алаңы орнатылды.

Олардың барлығы әр түрлі жастағы балаларға арналып есептелген. Жобалау кезінде балалардың қауіпсіздігі ескерілді. Яғни, алаңның іші резеңкелі негізбен қапталған. Жабдық сертификатталған. Балалар-спорттық кешенінде workout-алаң, төбешік, тренажер, теңгергіш бар. Мұның бәрі ыңғайлы жерде қоршалған аймақта орналасқан.

– Біз үшін Ақтөбе мен Хромтау – туған қалаларымыз. Балаларымыз, немерелеріміз осында туып-өсті. Сондықтан акционерлер бірінші кезекте қызметкерлер мен олардың отбасыларының тілектерін ескерді. Осылайша, 2021 жылы ERG мен Ақтөбе облысының әкімдігі арасында жасалған дәстүрлі меморандумға біз бірнеше ойын алаңдарының құрылысын енгіздік. Олар облыстың әр түрлі аудандарында және Дөң ауылында орналасқан. Бұл алаңдардың құрылысы басқа ауқымды жобамен қатар жүрді. Яғни, «Тұрғын үй қалашығындағы» үйлерді қайта жаңарту жобасы. Енді зауыт жұмысшылары тұратын жаңа алаңдар мен қасбеттері бар аймақ жаңа келбет және жаңа жайлы ойын кешендерімен толықты, - деді «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов.

Тұрғын үй қалашығында балаларға арналған ойын алаңдары көп емес. Сол себепті жаңа ойын алаңдары бұл жаққа дегендей-ақ. Осы маңайдағы «Алақай» театрының саябағына үлкен ойын кешені орнатылды. Дәл осындай түрі Тұңғыш Президент саябағында және тұрғын үйлер мен алаңдардың басқа аулаларында пайда болды.

– Мен декреттік демалыстағы анамын. «Тұрғын үй қалашығында» тұрып келе жатқанымызға біраз жылдар болды. Шыны керек, балалар үшін мұнда тек фонтан мен саябақ қана болатын. Онда да велосипедпен айналып жүруге болады, – деді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметкері Анастасия Хаскова. – Енді ауданымызда үлкен ойын алаңы орнатылды. Бұл жерде мен бұрын -соңды көрмеген көптеген қызықты жерлер бар. Балаларға мұнда қызықты. Ең бастысы – осының бәрін дәл осы күйінде сақтау қажет. Ата -аналар балаларын қадағалап, тәртіпке үйрету керек. Мұндай әдемі еңбекті бұзып-қиратудың өзі обал.

«Қазхромның» тағы бір ойын алаңы Хромтаудағы Кеншілер аллеясында пайда болды. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін ол үш ойын алаңына бөлініп, аллеяның ұзындығы бойынша әр түрлі жас топтарына арналып салынған. Workout пен ойын аймақтарын қамтиды. «Қазхром» бұл алаңның құрылысына 15 миллион теңге бөлді. Орнатуды компания Өңірлерді дамыту бағдарламасы жобаларын іске асыру аясында қаржыландырды.

Ақтөбе мен Хромтаудағы 15 алаң құрылысына «Қазхром» 145 миллион теңге бөлді. Алайда жоба аясында қалаға осындай алаңдарды көптеп орнату үшін қосымша 11 миллион 400 мың теңге көлемінде қаражат бөлу шешімі қабылданды.